Сабақтың типі:Білім мен дағдыны, іскерлікті қолдану сабағы. Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес Сабақтың әдісі: «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны тану», «Ой толғаныс» стратегиясы, тірек сызба, шығармашылық жұмыс,тақтамен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі:Абай портреті,интербелсенді тақта. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. 2. Жаңа сабақ. «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда, маған «Абай» деген сөз «қазақ» деген сөзбен теңбе-тең түсетіндей кездері бар секілді» М.Әуезов. А.Құнанбаевтың өлеңдері мен поэмаларымен таныстыңдар.Мына кестені толтыру мақсатында біз бүгін Абайды тағы бір қырынан танитын боламыз. Абай қара сөздері туралы түсінік бере отырып, оның қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру. Абай өз шығармаларының бір алуанын қара сөз түрінде жазды. Қара сөз – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Қара сөздің өлеңге қарағандағы айырмасы онда сөз ырғағы еркін, онда белгілі бір өлшемдер сақталмайды. Абайдың қара сөздері қазақ әдебиетінде проза жанрының дамуына соны із салған жаңалық болды. Қазіргі заманғы проза жанрындағы роман, повесть, әңгіме, т.б. қара сөздің жан-жақты дамыған үлгілері боп табылады. Абайдың қара сөздері өзінің көзі көрген, көңілге түйген өмір сабақтары туралы ойлары. Абай өз қарасөздерін кеңес әңгіме, философиялық ой, ақыл-нақыл, өсиет сөздер түрінде жазған. Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар. 46-шы қарасөзі аяқталмаған. Қарасөз – арабтың “ғақлия” деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз, асыл « Зерек ес», «есте сақтау», «ақыл» деген кілт сөздер беріліп,балалардың ойларын тыңдау. Балалар, сабақты тез әзірлеу үшін есті қалай шыңдауға болады? деген сұрақ қойылады. Зерек ес – психологиялық күрделі процесс. «Ес – ақыл қоймасы» деген даналық сөз бекер айтылмаған. Сондықтан ұдайы жаттықтыру арқылы ғана есті зерек ете аласың. Осыны жадыңа тұт.