Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, отыз бірінші қара сөзінің мазмұнын меңгерту.Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру
Күтілетін нәтижелер
А.Құнанбайұлының «Отыз бірінші қара сөзін» оқу арқылы есте сақтаудың төрт себебін түсінеді. - Естілікке, ынталы болуға, ұғымтал боп өсуге дағдыланады. - Абай қара сөзіндегі ой оралымдарын оқушының ой-өрісіне сіңіре отырып, сөйлеу тілін, сыни ойлау қабілетін дамытады. Қарасөзін оқып мағынасын түсінеді. Есте сақтайды, ынталы болады.
Әдіс-тәсілдері
. Топтық жұмыс,диалогтік оқыту, интерактивті тақтамен жұмыс, мәтінмен жұмыс
Оқушыларға түрлі түсті гүлдерді алып, онда жазылған сөздерді оқып топқа бөліп отырғызу.
Осыны оқып ойлай бер, болсаң зерек,
Еңбекті сат, ар сатып неге керек.
Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,- деп сынып оқушыларын «Ақыл», «Қайрат», «Жүрек», «Ғылым» тобы деп төртке бөлеміз.
Түрлі түсті гүлдерді алып, өз топтарының орнына барып, гүлдерді жапсырып қою. Оқушыларын «Ақыл», «Қайрат», «Жүрек», «Ғылым» тобы деп төртке бөлінеді.