5. Сөздікпен жұмыс. (дәптерге, тақтаға жазу) Ғибратләну - (араб)- үлгілі, өнегелі. «Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз». Уайымсыздық - еш нәрсеге алаңдамаушылық. Салғырттық - әр нәрсеге жай, салақ қараушылық.
6.Топпен жұмыс. 1 - топ: «Отыз бірінші» сөз Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; 2 - топ: - төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы - күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер. (әр топтан бір оқушы мазмұндап шығады)
7.Ой – қозғау сәті. (сұрақ – жауап бойынша) - Бұл қара сөздің идеясы қандай? - Естіген нәрсені ұмытпаудың, есте сақтаудың жолдарына тоқталған. - Бұл шығарманың бас кейіпкері бар ма? - Иә, бар. - Егер болса, ол кім? - Абай. Жеке өз аузынан айтылған пікір. Осындайда кейіпкер ойы мен автор ойының бір жерден шығып отыратынын байқау қиын емес. - Абайдың қара сөзі кімнің ойын білдіреді? - Абайдың әр қара сөзі жалпы халықтың, қалың жұртшылықтың ойын білдіріп, үлкен ғибратты түйін жасайды. - Абай бар асыл ойын кімге арнады? - Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады. - Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі. Асыл сөздің жалғасын тап. Жұмысы жоқтық Тамағы тоқтық... (Аздырар адам баласын)
Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті... (Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)
Тағы сене бастаймын, Күнде алдағыш қуларға... (Есім шығып қашпаймын, Мен ішпеген у бар ма?!)
Баламды медресеге біл деп бердім... (Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім)
Талап, еңбек, терең ой... ( Қанағат, рахым, ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз)