Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



бет9/51
Дата19.05.2023
өлшемі140,43 Kb.
#95358
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
Пән аты: Абайтану Сыныбы: 11 Күні, айы:жылы: 06.10.2017 ж.
Сабақтың тақырыбы: «Осы мен өзім қазақпын» тоғызыншы қарасөзі
Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту; Тоғызыншы қарасөзіндегі қазақ халқының, оның тұрмыс-тіршілігінің кемшілік тұстарын сынауы, ақын пікірлерінің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі, өмір философиясының қағидаларын түсіне білуге баулу.
Сабақтың түрі: таным сабақ
Сабақтың әдісі:шығармашылық жұмыс, сын тұрғысынан ойлап, талдау жасау, өз пікірін қорғау, іздену
Сабақтың көрнекілігі:сызбалары, кестелері, дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Жаңа сабақты түсіндіру:
-Бүгінгі сабағымызда Абай шығармаларымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз, соның ішінде Абайдың философиялық ойлары берілген қара сөздерімен танысамыз.
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін, тақырыпты жазып қойыңдар.
Аудиотаспадан тоғызыншы қарасөзін тыңдату
Тоғызыншы қарасөзін оқушыларға мәнерлетіп оқыту
Сатылай кешенді талдау.
Тәрбиелік түйіні:
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Қара сөзден қандай тағлым,үлгі,ақыл-нақыл алдыңдар?
2. Қалай ойлайсыңдар,ақын сынын сол қалпында қабылдауға бола ма?
3. Ақынның қара сөз жазудағы негізгі мақсаты не?
Қорытынды:
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.
Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.
Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет