Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



бет4/51
Дата19.05.2023
өлшемі140,43 Kb.
#95358
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Жаңа сабақ ОН БЕСІНШІ СӨЗ
Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен -дағы, күнінде айтса -құлақ, ойланса -көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.

Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен -дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.
Үшінші - әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен. Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сыната-тұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының артын жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім.
Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?
ІV «Абайды оқығанда қара сөзін,сол кезде пайда болған маған сезім»
(Бүгінгі күнмен байланыстыру.)
-Мақал-мәтелдер,нақыл сөздер қолдануға болады.
Қорытынды.Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді.
Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады.
Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ.
Біз сабақтың басында әр түрлі түсті қағаздарды таңдап алған болатынбыз .Енді әр түстің негізгі ұғымдарын түсінейік.Алда Тәуелсіз мемлекетіміздің қасиетті төл мерекесі келе жатыр.Сол себептен мына көк қағазымызға осы отырған қонақтарға,өзімізе және барша халқымызға тілегімізді білдірейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет