8.2.2.3 – электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
Excel бағдарламасында есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану
Көптеген оқушылар:
функция түрлерін cалыстыру
Кейбір оқушылар:
функция түрлерін есептерді шешуде қолдану.
ЕБҚ бар балалар үшін
- Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға мұғалім педагогикалық –психологиялық көмек көрсету арқылы сөйлеуге мүмкіндік беру.
- Оқушының ауызша жауап беруге деген ынтасын ескеру.
(немесе жазбаша , практика түрінде жауап беруге жағдай жасау)
Денсаулығын ескере отырып оқушыға жеке карточкамен жұмыс жасау. (жүріп тұруы қиын оқушы)
Көзі нашар көретін оқушыны алдыңғы орынға отырғызып, аудио тыңдату арқылы жұмыс жасау.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, түгелдеу, жағымды ахуал туғызу.
«Ыстық алақан» әдісі (бір-бірінің қолдарын ұстап оң алақандарын бір-бірінің үстіне қойып лебіздерін білдіру) ұйымдастыру
Үй тапсырмасын пысықтау
Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін «Ашық микрафон» әдісі арқылы пысықтау Оқушылар қолдарына микрафон
ұстап,өткен сабаққа байланысты байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.
Бағалау Жарайсың. Тамаша. Керемет
Топқа бөлу: Стикерлерге салынған әр түрлі суреттерді ұсыну.
Суретті не үшін таңдағанын білу.
Сурет қиындыларын құрастыру арқылы топтастыру.
1 – топ «EXCEL»
2 – топ «ФУНКЦИЯ»
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
Сабақтың мақсаттарымен танысады.
3.Оқушылар шеңбер құрады.
4.Өзара талқылап, ойларымен бөлісіп, стикерге ортақ ойларын жазады, пікірлерін қорғайды.
фишка
1 балл
Стикер
Сабақтың ортасы
Жаңа тақырыпты ашу «Миға шабуыл» Қалай ойлайсыңдар, кірістірілген функция деген не?
Оқушылардың жауабы әртүрлі болуы мүмкін. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы осы жерде дарынды балалар өздерінің ойларын айтып, диалогқа түседі.
Бүгін сендер сабақта электронды кестеде есептерді шешу үшін функцияларды қалай қолдануға болатынын үйренесіңдер.
Топтық жұмыс
Әр топ өз топтарының атымен аталатын сөздерді талдайды, шығармашылық жолмен игеруге мүмкіндік алады.
Дескриптор
Электронды кестенің мүмкіндіктерін жазады
Функцияның атқаратын қызметтерін жазу
Бағалау. Мұғалім.«Жарайсың!, «Жақсы!», «Өте жақсы!» ынталы сөздер айту арқылы сабаққа қызығушылығын арттырады.
1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Мозайка» әдісі Сыныптағы оқушылардың әр пән бойынша орташа бағасын енгізу. Бұл үшін қажетті ақпаратты енгізіп, С11 ұяшығына меңзерді орналастырып, Формулы Выставыть ⟹функцию ()командаларын орындаңдар.
Дескриптор
Сұхбат терезесінде СРЗНАЧ ()
функциясын орындайды.
Аргументы функциисұхбат
терезесінде сәйкес аргументтерді пайдаланады.
Бағалау. Оқушылар өздерін «Бас бармақ» арқылы бағалайды.
Мұғалім. Сәйкесінше өзім кері байланыс беріп, оқушыларға қолдау көрсетіп, мадақтап отырады.