Эссенің жазылу құрылымы:
1. Кіріспе.
Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі
2. Тақырыпты дамыту.
Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізді қолданып, дәлелдейсіз (аргументация)
1.Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер
2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер
3. Қорытынды.
Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы
«Аспанда неге сегіз ғаламшар қалды?» тақырыбында эссе жазыңыз.
ТАПСЫРМА
Бағалау критерийлері: -дискуссивті эссе жазады;
-эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды;
-тақырыпқа байланысты өз көзқарасын білдіреді;
ЖАУАП ҮЛГІСІ
Иә, күн жүйесінде 9 ғаламшар болды.Олар Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер,Нептун, Уран, Плутон. Аспанда неге сегіз ғаламшар қалды? Өзім білетін деректерге сүйеніп, жауап іздеп көрейін.
Жас астроном Клайд Томбо 1930 жылғы 18 ақпанда Американың Ловелл обсерваториясында Күн жүйесінің тағы бір жаңа планетасын тапқан. Бұл планета Плутон деген атқа ие болды. Ақырында, Ірі телескоптар көмегімен алынған фотосуреттерде ол кішкентай ғана әлсіз жұлдыз тәрізді көрінеді. Оның диаметрі 3000 километрге жуық. Ол Күннен шамамен 6 млрд километр қашықтыкта баяу қозғала отырып, оны 248 жылда бір айналып шығады. Плутон - Күн жүйесіндегі планеталардың ең кішісі болып есептеліп келген. Алайда соңғы зерттеулер нәтижесінде алынған планеталар Әлемі жөніндегі делелді мөліметтер негізінде Халықаралық астрономиялық одақтың шешімімен (Прага, тамыз, 2006 ж.) Плутон «ергежейлі планета» аталып, оған ресми астероидтық 134340 нөмірі берілді.
1930 жылы ашылған және содан бері Күн жүйесіндегі тоғызыншы ғаламшар саналып келген Плутон мәртебесінен айырылды.
Сонымен, қазіргі кезде Күн жүйесінің сегіз планетасы белгілі. Ғаламтор материалдарына сүйене отырып айтпағым, Плутон енді шағын ғаламшарлар немесе планетоидтар санатына жатады. Ғалымдардың әлі де болса жаңа планеталарды іздеп табатынына сенемін.