Сабақтың тақырыбы Комбинаторика формулаларын қолданып, есептер шығару 3-сабақ



бет1/3
Дата16.10.2023
өлшемі134 Kb.
#116480
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
1 Алгебра 9.1В Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шығару ҚМЖ





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:



Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Габдуллина Н.Г.



Күні:




Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Комбинаторика формулаларын қолданып, есептер шығару 3-сабақ



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.1.5 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолдана отырып есептер шығару; 

Сабақ мақсаттары

Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін жинақтап бекіту



Бағалау критерилері

Оқушы:
- алмастыру, орналастыру және теру формулаларын біледі,
- есептер шығаруда қолдана алады
- есеп шартын талдап, қажет формуланы қолданады
- өзін-өзі және өзара бағалай алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар
- «алмастыру», «орналастыру», «теру» ұғымдарының арасындағы айырмашылық туралы сөйлесу, пәндік сөздік пен терминологияны қолдану;
- проблемаларды шешуде және диалогта дәлел келтіру.
Арнайы лексика және терминология:
- комбинаторика;
- комбинация;
- орналастыру;
- алмастыру;
- теру;
- санның факториалы;
- мүмкіндіктің ағашы (нұсқалар ағашы);
Қолдану / жазу үшін пайдалы тіркестер жиынтығы:
- Қанша түрлі тәсілдерді табуға болады ...;
- Сіз оларды әр түрлі тәсілмен ұйымдастыра аласыз, себебі ...;
«Егер сізде x .... болса, оларды әртүрлі тәсілдермен реттеуге болады ...



Пәнаралық
байланыстар





АКТ қолдану
дағдылары


Ақпаратпен жұмыстанудың практикалық дағдыларын игерту, ақпараттармен алмасу дағдыларын жетілдіру.

Бастапқы білім

Жиын, жиындармен амалдар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы 1мин
7 мин

1. Ұйымдастыру сәті.
Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Мақсаты: үй тапсырмасының дұрыстығын және кемшіліктерді жою.
Мұғалім іс әрекеті: студенттердің жауаптарын үйлестіреді.
Оқушы іс әрекеті: үй тапсырмасын талқылауға қатысады.
Бағалау: өзін-өзі бағалау.
Бағалау : жұптардың бірін-бірі бағалауы




Сабақтың ортасы
7 мин

8 мин
14 мин



3.Білімді өзектендіру.
Видео.
https://www.youtube.com/watch?v=pcHVrFFkNKI
Мақсаты: комбинаторика формулалары қолданылатын қарапайым есептердің әдісі мен шешу жолын қарау
Топқа бөлу
Сипаттама: мұғалім оқушыларды жеке қабілеттеріне қарай 3 топқа бөледі, яғни әр топта қабілеті әр түрлі деңгейдегі оқушы болу қажет (бұл оқушылар алдыңғы сабақта анықталды)
Әр топқа орналастыру, алмастыру және теруге есептер беріледі/Қосымша1/.
Әр топ кез келген есепті таңдап шығарады.
1 топ-орналастыруға 3 есеп шығару қажет
2 топ-3 есеп алмастыруға
3 топ-3 есеп теруге
Интерактивті әдіс «Карусель».
Есептің шешімін «Карусель» әдісінің көмегімен тексеруге болады. Бірінші топ бір есепті шығарып келесі топқа тексеруге береді. Осылай сағат тілі бағытымен бастапқы тапсырма қайтып келгенше жалғасады.
Тексеру барысында оқушылар келесі белгілерді қояды:
«!» – егер есептің жауабымен келіссе, бірақ ескерту бар;
«Ⅴ» – егер жауабымен толық келіссе;
«?» – егер жауабымен мүлде келіспесе.
Осылайша әрбір түрлендіруге үш есептен шешіледі.
Мұғалім іс әрекеті:оқушының жұмысын бақылайды
Оқушы іс әрекеті:есептің шартын талқылайды, шешім қабылдайды, есептің шығарылу жолын жазады
Бағалау: өзара бағалау
Қалыптастырушы бағалау
Мақсаты: оқушының жаңа тақырып мазмұнын қаншалықты түсінгендігін анықтау, олқылықтарды жою
Мұғалім іс әрекеті: есеп мәтіні жазылған карточкаларды үлестіреді
Оқушы іс әрекеті: өз бетімен орындайды
Бағалау: өзара бағалау (жауабы тақтаға көрсетіледі).


Сабақтың соңы
3 мин

7. Рефлексия. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді
Слайдта Блоб ағашы бейнеленген. Оқушылар стикерлер жапсыру арқылы өзін-өзі бағалайды






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет