Сабақтың тақырыбы Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері



бет1/5
Дата06.10.2022
өлшемі1,39 Mb.
#41589
түріСабақ
  1   2   3   4   5




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Көміртек және оның қосылыстары






Мектеп: « №20 М.Әузов атындағы жалпы білім беру орты мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шалтаева Гүлнар

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы




Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.3.3. – көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру.
8.4.3.4. – көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің қолдану аймағын зерттеу

Сабақтың
Мақсаты

-Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерімен таныстыру.
-Олардың физикалық қасиеттерін білу.
-Көміртектің қолданылу салаларын білу.



Бағалау критерийі

-Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістеріне, олардың кристалл торларына және физикалық қасиеттеріне сипаттама бере алады.
- Көміртектің қолданылуын түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар



Негізгі термин сөздер мен сөз тіркстері:
Адсорбция, десорбция, аллотропиялық түр өзгерістері, алмаз, графит, карбин, фуллерен, наноматериалдар, көмір сүзгілер, кристалл торлары, белсендірілген көмір.
Оқытудың тілдік мақсаты: Өз ойларын еркін жеткізе біледі. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерін ажырата алады.



Құндылықтарға баулу



Топтық жұмыстардың көмегімен оқушыларды ынтымақтастыққа , көшбасшы болуға тәрбиелеу, жауапкершілікке баулу.
Жеке жұмыстар арқылы оқушылардың өз бетінше білім алуына, өмір бойы оқуға деген ынтасын арттыру.

Пәнаралық байланыс

Физикамен: көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің электрөткізгіштігі , тығыздығы т.б. физикалық қасиеттері. Географиямен: алмаз – табиғи минералдардың ең қаттысы
Биологиямен: карбиннің адам ұлпасымен үйлесетін қасиеті.

Алдыңғы білім



Көміртек электрондарды қосып алып немесе беріп жіберіп тотығу дәрежелерін өзгерте алатынын біледі. Көміртек адам тіршілігіне қажет әр түрлі салаларда кең қолданылатынын біледі. Мысалы; графитті электрод, қарындаш жасауда қолданылатынын біледі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет