1. Бір элементтен бірнеше жай заттардың түзілу құбылысы не деп аталады? (аллотропия)
2. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері. (алмаз, графит, карбин, фулерен) 3. Қолға ұстағанда майлы, әлсіз металдық жылтыры бар, қарасұр кристалды зат. ( графит) 4. Қатты заттың бетінде газ немесе еріген заттардың сіңірілуі ( адсорбция) 5. Футбол добына ұқсас көміртектің аллотропиялық түр өзгерісін атаңыз (фуллерен) 6. Сызықтық құрылымды жартылай өткізгіштік қасиеті бар зат (карбин) 7. Ең қатты табиғи зат (алмаз)
Сұрақтар мен қосымша тапсырмалар жаңа тақырып бойынша, сабақты қалай түсінгендігін тексеру және бағалау үшін беріледі. Оқушылар бір-бірінің жауаптарын тексереді.
Топ басшысы бағалау бетшесін толтырады
Кері байланыс. Оқушылар өздеріне берген стикерді толтырады.
«Көңіл күй» карточкасы арқылы алған білімдерін көрсетеді
Үйге тапсырма Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің қолданылуы туралы жоба дайындау.
Жауап парақшалары ,
бағалау бетшелері.
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
-Қабілетті оқушыға постер қорғау, жаңалық ашу, жоба дайындау, т.б дағдыларын дамытатын тапсырмалар беремін.
-Баяу қабылдайтын оқушыларға заттың физикалық қасиеттерін , қолданылуын сипаттау, сурет салу, нақты сұрақтарға жауап беру сияқты жеңілдеу тапсырмалар беремін.
Жеке және топтық жұмыстарда критериалды бағалау жүзеге асырылады.
Жұптық жұмыста оқушылар өзін-өзі бағалайды.