Физика 10 сынып Кронгарт Б, Казахбаева Д Сұйық және қатты денелердің қасиеттері заттың ішкі құрылысына, бөлшектер арасындағы қашықтық пен олардың орналасу ретіне тәуелді. Сұйық молекулаларының қатты дене молекулаларымен өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне байланысты біз капиллярлық құбылыстарды, қатты денелерге сұйықтың жұғуын бақылаймыз. Құрылымындағы айырмашылық қатты денелердің серпімділік, иілгіштік, морттық, беріктік, қаттылық, аққыштық сияқты қасиеттерін түсіндіруге мүмкіндік береді.
Молекулалық қысым күші – сұйықтың беткі қабатының молекулаларына әсер ететін, оның бос бетіне перпендикуляр бағытталған қорытқы күш.
Беттік керілу күштері – сұйықтың беттік қабатының ауданын кемітуге тырысатын және осы бетке жанама бойымен бағытталған беттік қабатының молекулаларының өзара әрекеттесу күштері
Беттік керілу құбылысын сандық түрде сипаттау үшін беттік керілу коэффициенті енгізілген. Беттік керілу коэффициенті – беттік керілу күшінің сұйықтың беттік қабатының ұзындығына қатынасы. Беттік керілу коэффициентін σ (сигма) әрпімен белгілейді. Анықтама бойынша: σ = F l ê , (1) мұндағы l − беттік қабаттың ұзындығы, Fк − керілу күші.
бұдан: σ = ∆ A S . (10) Беттік керілу коэффициенті – сұйықтың бос беті бірлік ауданға азайған кездегі молекулалық күштердің жұмысына тең шама. Есте сақтаңдар! Беттік керілу коэффициентінің өлшем бірлігі: Н/м
Егер қатты дене бөлшектерінің тартылыс күштері сұйық молекулалары арасындағы тартылыс күштерінен артық болса, онда сұйық денеге жұғады
бос беті майысады да, ойыс пішінге ие болады (138, а-сурет).
Егер сұйық қатты денеге жұқпаса, онда сұйықтың бос беті дөңес пішінде болады (138, ә-сурет). Сұйықтың майысқан бос бетін мениск деп атайды. Қатты дененің беті мен менисктің қатты денемен қиылысу нүктесіне жүргізілген жанама арасындағы бұрышты шеттік бұрыш θ деп аталады Капиллярлар – ішкі диаметрлері өте кіші түтікшелер. Латын тілінен аударғанда «капиллус» – шаш, қыл дегенді білдіреді. Егер сұйық түтікшенің қабырғаларына жұғатын болса, капилляр түтікшедегі сұйық деңгейі ыдыстағы сұйық деңгейімен салыстырғанда жоғары болады. Капиллярдағы сұйық бағанына әсер ететін ауырлық күші беттік керілу күшіне тең болғанша сұйық көтеріле береді: Fа = Fк , (11) мұндағы Fа = mg = ρShg = ρπr2 hg, (12) Fк = σl = σ2πr. (13) (12) және (13) формулаларды (11) формулаға қойсақ: ρπr2 hg = σ2πr, бұдан: h gr = 2σ ρ (14) немесе h gd = 4σ ρ
1.Ұзындығы l = 4 см сіріңке су бетінде қалқып жүр. Егер сіріңкенің бір шетіндегі суға майсана майын құятын болсақ, онда ол қозғалысқа түседі. Сіріңкеге әсер ететін күшті және оның бағытын анықтаңдар. Су мен майдың беттік керілу коэффициенттері сәйкесінше σ1 = 72 мН/м және σ2 = 33 мН/м.
Б ерілгені: SI Формула
F1= 6*L F2= 6*L
L= 4cм 0,04м
6 =72мН/м 72*10^-3 Н/м
6= 33мН/м 33*10^-3 Н/м
Т/к: F-?
2. Егер ұшының диаметрі d = 0,4 мм тамызғыштың көмегімен су массасын m = 0,01 г дейінгі дәлдікпен өлшеуге болатын болса, онда судың беттік керілу коэффициенті неге тең? 3. Радиусы R = 4 см сабын көпіршігін үрлеу үшін қандай жұмыс атқарады
Жаңа тақырыпты меңгереді, негізгі ұғымдармен формуланы есте сақтайды..
Есептер шығару
Ұпай
Ұпай
Оқулық, жұмыс дәптері
Оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың соңы
Рефлекция
Кері байланыс бутерброды
-Бүгін сабақ маған ұнады, себебі мен....................... үйрендім.
-Маған........................................................қиын болып көрінді.
-Мен енді ......................................................... үйренгім келеді