Сұйық ағынның екі түрі бар.Кейбір жағдайлардасұйық қабаттарға бөлініп,олар араласусыз бір-біріне қатысты сырғанай жылжиды.Бұл ағын ламинарлық (қабатты) ағын деп аталады.Егер ламинарлы ағынға бояу тамызса, онда боялған ағын бүкіл ағын бойына бояу сызығы сақталып қалады, өйткені ламинарлы ағындағы сұйық бөлшектер бір қабаттан екіншісіне өтпейді. Ламинарлы ағын стационарлы. Тұтқыр сұйықтың мұндай ағыны көлденең қима және ағын жылдамдығы аса үлкен болмаған жағдайда ғана жүзеге асады. Ағынның жылдамдығы немесе көлденең қимасы артқан кезде ағынның сипаты өзгереді.Бұл кезде сұйық қарқынды араласып,ағынның иірімдері пайда болады.Мұндай ағын турбулентті деп аталады. Турбулентті ағын болған жағдайда кез келген жерде бөлшектердің жылдамдығы бей-берекет түрде өзгереді, ағын стационарлық болмайды.
https://www.youtube.com/watch?v=05Dh76C6PlU https://www.youtube.com/watch?v=PGyKOd67IDI Оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың соңы
Рефлекция
Кері байланыс бутерброды
-Бүгін сабақ маған ұнады, себебі мен....................... үйрендім.
-Маған........................................................қиын болып көрінді.
-Мен енді ......................................................... үйренгім келеді