10.2.3.1 абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: Массалар центрі мен ауырлық центрі ұғымдарын ажыратады.
Оқушылардың басым бөлігі: Жазық фигураның массалар центрін эксперимент жүзінде таба алады.
Кейбір оқушылар: Массалар центрін білудің маңызын түсінеді, өмірде қолдана алады.
Сәлеметсіздер ме балалар! Біз бүгін жаңадан Статика тарауын бастаймыз.
Мұғалім түсіндірмесі Механиканың қатты денелердің тепе-теңдікте болу шарттарын зерттейтін бөлімі статика деп аталады.
Ой қозғау 1173 жылы Пиза мұнарасы қаланып басталды. Бірнеше уақыттан соң құрылыс тоқтатылып, тек 100 жыл өткен соң ғана қайта жалғасын тапты. Құрылыс аяқталғаннан соң Пиза мұнарасының қисайып тұрғаны байқалды. Пиза мұнарасының төбесі центрінен 5,3 м –ге көлбеу орналасқан.
Неліктен Пиза мұнарасы көлбеу орналасқан және құламай тұр?
Жауабы:
Себебі, мұнараның массалар центрі арқылы өтетін вертикаль сызық оның табанының ауданының центрінен 2,3 м арақашықтықта орналасқан.
С нүктесі – массалар центрі, С 1 - массалар центрі арқылы өтетін вертикаль сызық, О – мұнара табанының ауданының центрі