3.1.2.1 - анық айтылған шағын хабарлама/ хабарландыру/жарнамадағы жиі қолданылатын сөздер мен фразалардың мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мазмұнын айтады, тақырып бойынша диалогқа қатысады
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіннің мазмұнын трек сөздердің көмегімен әңгімелейді, диалог барысында нақтылау сұрақтарын қояды, әріптердің байланысын сақтап жазады
Оқушылардың кейбірі: диалог барысында тақырыпқа қатысты пікірін білдіреді
Бағалау критерийлері
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тақырып бойынша диалогқа қатысады.
Әріптердің байланысын сақтап жазады.
«Сұхбат» ойыны. Қатар отырған көршісімен сұхбат жүргізеді. Сұхбат аяқталған соң, көршісі туралы 2-3 ақпарат айтады (қандай музыканы, мультфильмді жақсы көреді, немен әуестенеді, немен айналысады және т.б. кез келген ақпарат).
Үй тапсырмасын тексеру «Тірек сөздер» стратегиясы арқылы сабақтың мазмұнын болжайды.
Жанды табиғат, аспанда ұшу, табиғатты қорғау Сабақ мақсатымен таныстыру Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша диалогқа қатысамын.
Әріптердің байланысын сақтап жазамын.
Сабақтың ортасы
30 минут
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді сурет, анықтама арқылы, қимыл арқылы меңгерту
Жем-құстарға, жануарларға берілетін тамақ Жем беру, жем шашу Құстарға жем шашамын. Марат малға жем берді.
торғай жем шашу
(Ө, Ж) Тыңдалым Тыңдалым алды тапсырма http://bala.soyle.kz/picture/learn?id=12 сайтындағы жаттығуларды орындайды.
1. Сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді.
2. Берілген әріптерден сөздер құрап, құстардың атын жазады.
Тыңдалым тапсырмасы Мәтінде оқушыларға таныс емес сөзге түсінік беру.
Төзімді- шыдамды. Суыққа төзімді.
Тыңдалым мәтіні
Тырна, қарлығаш – жыл құстары. Олар күзде жылы жаққа ұшып кетеді, ал көктемде қайтады. Торғай мен көгершін жылы жаққа ұшпайды. Олар суыққа төзімді. Адамдар оларға ұя жасайды және жем береді. Оқушылар мәтінді 2 рет тыңдайды және тірек сөздердің көмегімен мәтін мазмұнын жұбына әңгімелейді (қолдауды қажет ететін оқушылар үшін қабылдау деңгейлері әртүрлі оқушыларды жұптастыру). Жұптар бір-бірін бағалайды.
Дескриптор: