(Т) Оқылым. Айтылым. Оқушылар мәтінді шолып (танысу мақсатында) оқиды.
Жалқаубек – жалқау бала. Ол сабақ оқымайды. Киімдерін шашып тастайды. Оның бөлмесі лас.
Әлібек жалқау емес. Ол сабақты жақсы оқиды. Оның бөлмесі таза. Ол еріншек емес.
«Венн диаграммасы» арқылы сұраққа жауап береді: Жалқаубек қандай? Әлібек қандай? Екеуін салыстырмалы түрде сипаттайды.
Кері байланыс:«Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
Жасыл түс – жеңіл болды
Сары түс – ойландырды
Қызыл түс – қиын болды
Жазылым. (Ө) «РАФТ» әдісі бойынша оқушылар суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады.(сурет оқулықтың 42 бетінде берілген). Әр оқушы өз атынан Жалқаубекке хат жазады.
Р (рөл)- өзім
А (аудитория) – Жалқаубек
Ф (форма) – хат
Т (тақырып ) – «Жалқау болма!»
Тірек сөздер: ойлан, жалқау болма, еңбектену керек, жақсы оқу керек, ата-анаңды тыңда, ақылды, үлгілі бол.
Дескриптор: - суретті қолданып, мәтін құрастырады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;
- жалғауларды дұрыс байланыстырады.