Өткен сабақпен байланыс (Ө)Диаграмманы толтырады. Өткен сабақтағы Қадиша мен баланы салыстырады. Олардың әрекетінде қандай ұқсастық бар екендігін анықтайды.
2-3 баланың жұмысы тыңдалып, мұғалімнің ауызша комментарийі беру арқылы бағаланады.
(Ж) Оқушылар жұптасып бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді.
- Қадиша анасына көмектесті ме?
- Ол қуыршақтарын жинады ма?
- Бала әкесінің айтқанын тыңдады ма?
- Ол жерден не алып жеді?
- Қадишаның анасы не деді?
- Баланың әкесі қандай ақыл айтты?
2-3 жұптың сұхбаттары тыңдалады, оқушылар смайликтер арқылы бағалайды
(Ө, МК)Суреттерді пайдаланып, мәтін құрайды. Қабілеті төмен оқушылар «Бірлесіп жазу» әдісімен мұғалімнің қолдауымен жазады.
Дескриптор: 1. Суреттерді пайдаланып шағын мәтін құрайды.
2.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды
3. Жалғауларды дұрыс қолданады.