3.4.2.1* тыңдаған материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу;
3.3.1.1* диалогті рөлге бөліп оқу;
3.3.5.1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу
Сабақ мақсаттары
Оқушылардың барлығы: Тыңдаған мәтіннің мазмұнын тірек сөздерге сүйеніп жазады.
Оқушылардың көпшілігі: Диалогті рөлдерге бөліп оқу барысында тірек сөздерді қолданып, диалогті жалғастырады.
Оқушылардың кейбірі: Берілген сұрақтарға ғаламтордан жауап іздеп тауып, ақпараттық мәтін құрастырады.
Сұраулы сөйлемдердің жасалуы: жекелеген сөздерге сұрақтар қою
«Бәйтерек» қайда орналасқан? «Бәйтерек» неге ұқсайды? «Бәйтеректің» төбесінде не бар?
Құндылықтарды дарыту
Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады.
Пәнаралық байланыстар
Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары
PowerPoint таныстырылымы, Activestudio(activeboard) мүмкіндіктерін қолдану
Бастапқы білім
Осыған дейінгі алған білімдері мен тілдік дағдыларына негізделеді.
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
7 минут
Қызығушылықты ояту – 3 минут «Тышқаннан жылдам» ойыны
(Оқулықтың 115-бетіндегі 4-тапсырма)
Интербелсенді тақтадан «Тышқаннан жылдам» ойыны слайдтары көрсетіледі. Оқушылар берілген сөздердің қазақша аудармасын тез атауы керек.
Мұғалім оқушылар назарын сөзжұмбақтағы жасырын сөзге аударады. Астана қаласы туралы сұрақтар қояды.
«Мозаика» ойыны – 2 минут Суреттерді құрастырып жинау және сұрақтарға жауап беру
Бұл не? Ал мынау не? Ол қайда орналасқан? «Бәйтерек» неге ұқсайды?
Ойын соңында оқушылар 2 топқа бірігеді. Сабақтың тақырыбы жарияланады.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 2 минут
Жаңа сөздермен жұмыс Оқулықтың 114-бетінде берілген бәйтерек, биіктігі, самұрық құс сөздерінің мағынасы мен айтылуын меңгерту жұмыстары жүргізіледі: мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды.
2-тапсырма (оқулықтың 115-бетіндегі 3-тапсырма). 1)Диалогті рөлдерге бөліп оқу
2)Тірек сөздерді пайдаланып, диалогті жалғастыру
ТІРЕК СӨЗДЕР: орналасқан, ұқсайды, оның төбесінде Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы орындалады.
3-тапсырма (оқулықтың 115-бетіндегі 5-тапсырма). Оқушылар смартфонның немесе компьютердің көмегімен ғаламтордан берілген сұрақтарға жауап іздеп табады. Сұрақтарға сүйеніп ақпараттық мәтін құрастырып жазады. Бағалау дескриптор арқылы орындалады.
СҰРАҚТАР:
«Бәйтерек» кешені қайда орналасқан?
Ол неге ұқсайды?
Оның төбесінде не бейнеленген?
«Бәйтерек» кешені қашан салынған?
Оның сәулетшісі кім?
Дескриптор:
Қажетті ақпараттарды тапты.
Сұрақтар бойынша мәтін құрастырып жазды.
№11 слайд
немесе «Суретті сөздік» үлестірмелі қағаздары
үнтаспа, оқулық,
ватман, түрлі-түсті қарындаштар
оқулық (тірек сөздер тақтаға жазылады)
ғаламтор, смартфон // компьютер
+
ватман
+
№12 слайд