Тыңдалым кезіндегі тапсырма. (Ұ) Оқушылар тақырыпқа қатысты аудиоматериалды2 рет тыңдайды, таныс емес сөздерге түсініктеме беріледі: (жарлы адам, басын иіп сәлем беру, сәлемдесу, үйренбеген, лайық/лайық емес)
«Әдептілік»
Бір күні ғалым мен бай сөйлесіп тұрады. Қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, ғалымға басын иіп сәлем береді.
Ғалым басын одан да төмен иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, біліміңіз бар ғалымсыз. Жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым:
Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.
Ы. Алтынсарин (Т)Мәтін бойынша «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі арқылы деңгейлеріне қарай сұрақтарға жауап береді
Қызыл шарлар
Жасыл шарлар:
- Не себепті бай ғалымның әрекетін түсінбеді?
- Неліктен ғалым төмен иіліп сәлем берді?
- Бұл әңгіме бойынша қандай пікір айтасыңдар?
- Әңгімедегі кейіпкерлері ата. - Жарлы адам не істеді? - Ғалым қалай сәлем берді? - Ғалым байдың сұрағына не деп жауап берді?
Оқушылар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. (Ж)Оқушылар тыңдаған материалды естеріне түсіріп,
«Шын-Жалған» атты кестені толтырады.