Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Жүректен жүрекке»тренингі. Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б.
Рaқмет!
Сабақтың мақсатымен таныстыру. - мәтінді мәнерлеп, шолып оқимын;
- оқыған мәтіннің мазмұнын жазамын;
- сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлемдер құрастырамын.
«Қазына іздеу» Орындау барысы: мұғалім тақырыпқа байланысты құнды бір ақпаратты жасырып қояды. Оқушылар жасырын ақпаратты табу үшін кедергілерден өтеді, яғни тапсырмаларды орындайды. Оқушыларға карта (маршрут) ұсынылады.
Кедергі 6 кезеңнен тұрады:
1-кезең. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алу
2-кезең.Сұраққа жауап беріп, диаграмманы толтыру
3-кезең. Сұрақтарға жауап беру
4-кезең. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазу
5-кезең. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрау
6-кезең. «Менің досым» деген тақырыпта фотоколлаж дайындау. Досыңның қандай бала екенін айту.