1-тапсырма. Топқа бөліну. Мақал қағаздарға жазылып, бөліктерге қиылады. Оқушылар бір қағаздан алып, мақалдардың бөліктерін біріктіруге тырысады. Өздерінің нұсқаларын тексеру үшін тақтаға шығарылған толық нұсқасымен сәйкестендіреді.
Мәмілеге келіп, мақалдың астарлы мәнін суретке салыңыз, өмірден мысал тауып, сахналанған көрініс дайындаңыз.
Басқа топтарға өз суретіңізді және сахналанған көрінісіңізді көрсетіңіз.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
3-тапсырма. Кері байланыс.
Жетістік критерийлері бойынша топқа кері байланыс беріңіз. Әр топ 2 минут сөйлейді.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
Айтылым. Қате жазылған сөйлемдерді табады, себебін түсіндіреді.
Жазылым. Кестені толтырады.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды, тақырып қояды,
жоспар құрады.
Айтылым. Мәтіндегі ақпаратты «Төртсөйлем» тәсілін пайдаланып айтады.
Жұптық жұмыс. Әр жұп бөліктерді құрастырады, сипаттайды.
Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады
А) Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады
Жетістік критерийлері
Сурет мақал идеясын ашады;
Мақалдың мәні өмірден келтірілген мысалға сәйкес келеді.
Сахналанған көрініс түсінікті, анық болды.
Слайд 5
Мақалдардың бөліктері жазылған үлестірме қағаз;