6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.
6.4.3.1. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар: тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, көнерген сөздердің қолданыс аясын түсіну;
Көптеген оқушылар: тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, көнерген сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу;
Кейбір оқушылар: тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру, көнерген сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.
Жоспар
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабаққа дайындық. Жағымды психологиялық ахуал:«Көңілді туристер» (досымен сәлемдесу, әлем кереметтерін көрген сәттегі және көргені туралы баяндап жатқан сәттегі эмоцияларын ым-ишарамен білдіреді). Үйге берілген тапсырма бойынша 81-беттегі 5-тапсырманың орындалу дұрыстығын тексеру. «Мен таныған Абай» тақырыбында хабарламалық эссе жазу. Сөз саны 70 сөз.
ҚБ: Мадақтау және жұлдызша беру арқылы
І.ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ. Қызығушылықты ояту «10 дерек» әдісімен Ұлбике ақын туралы мәлімет ізденіп, өміріне байланысты 10 дерек анықтаңдар.
Қазақта Сарамен тағдырлас, талантты дейгейлес, бірақ зерттелуі, насихаты әлі кемшін түсіп жатқан бір айтыскер ақын бар. Ол – Сырдан шыққан Ұлбике Жанкелдіқызы. Ұлбике Сарадан жарты ғасырдай бұрын Қызылорда облысы Қарөзек бойында 1825 жылы дүниеге келген. Әкесі Жанкелді мен анасы Жаңыл да өнерпаз, бірқағары бар жандар болған. Әсіресе анасы әншілігімен төңірекке мәшһүр екен. Демек Ұлбике бойындағы таланттың өте ерте оянуына ата-анасының ықпалы болып, олар перзент жүрегіндегі жалынды өшірмей, үнемі үрлеп отырған. Оны енді Ұлбикенің өз ау-зынан естиік:
Моншағымның әр тасы бір өлең-ді, Бесігімде үйренгем мен өлеңді. Балапандай кезімде қайран шешем, Тал бойыма дарытқан күллі өлеңді. Ұлбикенің ақындық жолдағы алғашқы бетін ашып, тұсауын кескен, ұстараның жүзін жаныған қайрақтың рөлін атқарған, талантты шын танып, батасын берген Күдеріқожа Еркөшекұлы еді.