Авторға мінездеме береді;
Сұрақтарға жауап береді
2 балл
Ашық журнал
Берген жауаптарын ауызша кері байланыс беру
Мұғалім мадақтамасы
Бірін- бірі бағалау
Оқулық
https://youtu.be/8thFTir5Hp4
Итерактивті тақта
Кестелер
5 минут
Кері байланыс. «Бағдаршам» әдісі Жасыл Қызыл Сары Білдім Білгім келеді Түсінбедім
Жалпы, қазақ халқы ырым, наным-сенімге сенетін халық. Сол себепті қазақ аққуды киелі санайды. Аққуды ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады әрі оған ешқашан оқ атпаған. Аққу турасында ел аузында аңыз-әңгімелер көп, тіпті ақын-жазушыларымыз, әнші-сазгерлеріміз де қарап қалмаған. Мәселен, С. Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы», Қорқыт баба, Ықылас Дүкенұлының, Н. Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Б. Аюхановтың «Аққу биі» - халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігі мен құрметінің дәлелі. Мына бір аңызға сүйенсек: «Ертеде бір адам аққудың киелі екенін білмей оқ атады. Сонда аққудың сыңары өз қосағынсыз өмір сүре алмайтынын дәлелдеп, өзінің басын тасқа ұрып, өзін-өзі өлтіреді. Ал оқ атқан адам арада қанша жыл өтсе де, отбасын құра алмай, еш перзентсіз дүниеден жалғыз өтіпті» дейді. «Аққу - құстың төресі, жалғыз жатып оттамас» деген нақыл сөзден аққу сыңарынсыз өмір сүре алмайтынын көреміз. Аққуды тек қазақ халқы емес, басқа халықтар да дәріптеген. Мысалы: П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі» атты шығармасы, сол сияқты Шекспирдің «Венеция көпесі» атты пьесасында аққу сұңқылдап ән салады. Тіпті аспан әлеміндегі шоқжұлдыздардың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Өзіміздің салт-дәстүрімізде «Аққу мойын» деп аталатын өрнек те бар. Аққуды атқан адам жамандыққа ұшырайды, өлген аққу жалғаспаған ұрпақты білдіреді. Ал, ананың балаға деген махаббаты бәрінен де күштірек. Бұл жырда пақыр ана өз баласы үшін қасиетке оқ атады. Ананы бұған итермелеген - баласына деген асыл махаббаты. Тәуіптің сөзіне сенген ана, ақыр соңында, перзентінен де айырылып, есі ауып кетеді. Енді, балалар, жырдағы ана әрекетінің дұрыс-бұрыстығын талқыға салмақпыз. Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу анаға оңайға түсті ме?
Балалар, адам – табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар. Бірі – тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі адам анасы. Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.