Ертегі әлем шертеді әуен,
Қиялым көкте салады асыр.
Аққудай арман күйге ертіп алуан,
Ақтарар үнсіз жағаға сыр.
Қайырмасы:
Ақ қанат арман белден асып,
Қалықтап бара жатыр. 2 рет
Адамдар күтіңдер аңсағаның,
Оралар қара да тұр.
|
Арманын іздей үмітін үзбей,
Тағдырлар талмай жағада тұр.
Өмірден озбай жүректі қозғай,
Толқынмен ойнап шағала тұр.
Ақ дидар арман ақ таңдай алдан,
Күледі көктен төгіліп нұр.
Қарашы қырға малынып нұрға,
Арманым сол бір көрініп тұр.
|