Бұл-платина мен иридийдің қоспасынан құйылып жасалған цилиндр түріндегі эталондық (үлгі) кірдің массасы. Килограмның халықаралық үлгісі Париж қаласының жанындағы Севр қаласындағы эталондар мұражайында сақтаулы.
Массаны m әрпімен белгілейді.
Массаны m әрпімен белгілейді.
ХБ жүйесінде (СИ) массаның бірлігіне килограмм (1кг) қабылданған.
Дене әртүрлі заттардан жасалған. Осы денелердің көлемі жайлы не айта аласындар? Осы денелердің массасы жайлы не айтасыздар?
Дене әртүрлі заттардан жасалған. Осы денелердің көлемі жайлы не айта аласындар? Осы денелердің массасы жайлы не айтасыздар?
темір
мыс
алюминий
Неге алюминидің массасы темір мен мыс кубиктерінен жеңіл?
Әртүрлі заттардан жасалған дененің көлемдері бірдей болғанмен массалары әртүрлі болады.
Құралдардың бөлік құнын анықтау:
Өлшеулерді дұрыс жүргізу үшін аспап шкаласындағы бір бөліктің құнын таба білу қажет. Аспап шкаласындағы бөліктің құны өлшенетін шаманың шкаладағы кез келген екі мәнінің айырымын сол мәндердің арасындағы бөліктердің санына бөлу арқылы анықталады. Мысалы, суреттегі мензурка шкаласы бөлігінің құны мына ретпен анықталады:
а) шкаладан бірлігі см3 болатын көлемнің кез келген екі мәнін аламыз: мысалы, 150 см3 және 100 см3;
ә) олардың айырымын табамыз: 150 см3-100 см3 = 50 см3;
б) көлемнің екі мәні (150 см3 пен 100 см3) арасындағы мензурка бөліктерінің санын анықтаймыз: суретте ол 10-ға тең;
в) бір бөлікке келетін көлемнің мәнін анықтаймыз: 50 см3 :10 = 5 см3. Бүл сан шкаладағы ең кіші бөліктің мәні, яғни анықтама бойынша бір бөліктің құны болып табылады.
Бір бөліктің құнын білгеннен кейін, өлшенетін шаманың мәнін табу керек. Суреттегі сұйықтықтың көлемі 100 сантиметр кубтан (см3-тан) артық, бірақ 150 сантиметр кубқа (см3-қа) жетпейді. Сұйықтықтың деңгейі 100 см3-тің үстіне 8 бөлікке көтерілген. Осы 8 бөлікке сәйкес келетін көлем: 8 • 5 см3 =40 см3 болады. Сонда мензуркадағы сұйықтықтың көлемі: 100 см3+40 см3=140 сантиметр кубқа (см3-қа) тең.