Сабақтың тақырыбы: Механикадағы күштер. Ньютонның екінші зaңы. Мaссa



бет2/2
Дата27.11.2023
өлшемі35,25 Kb.
#129432
түріСабақ
1   2
Байланысты:
9-2-4

Сабақтың соңы:
5 мин



Үйге тапсырма: §15 тақырыпты оқу, 15 –жаттығу (№2,3) есептерін шығару
«СМС» әдісі арқылы кері байланыс алу

Үй тапсырмасын жазып алады
Оқушылар сабақта үйренген ұтымды тұстарын атап, түсінбеген сұрақтарын жазып көрсетеді.






Ресурстар
Қосымша 1 Топтық жұмыс
Асанды мектептен күнде атасы алып кайтатын. Бір күні атасының орына әкесі жұмыстан ерте шығып Асанды алып кетпекші болды. Әкесі (жүргізуші) жол бөлігіндегі белгі орнатылғанын байқаған сәтте, шұғыл тежеуді басты. Осы сәтте жолдың қарама –қарсы бетінде тұрған жол полициясының инспекторы доңғалақтардың іздері бойынша тежеу ​​қашықтығы 12 м екенін анықтады.

  1. Жаяу жүргінші жолындағы орнатылған жылдамдық белгісі қаншаға тең?

  2. Егер дөңгелектің үйкеліс коэффициенті 0.59 болса онда жүргізуші жол ережесін бұзды ма?

  3. Жүргізуші қандай үдеумен қозғалған?

  4. Егер машинаның массасы 1,5 т болса машина қандай күшпен келіп тоқтаған?

  5. Жүргізуші қанша уақыттан кейін сол жылдамдыққа жете алады?

  6. Асанның әкесі жол ережесін бұзбауы үшін оған қандай 3 әдіс ұсынар едіңіз?



Қосымша 2
Жұптық жұмыс
І жұпқа

  1. Супермаркеттерде заттарға толы арбаны итергенге қарағанда бос арбаны итеру оңай не себепті?

  2. Қала сыртында трассада келе жатқан автокөліктің жылдамдығы 120 км/сағ. Жүргізуші алыстағы фарасын жағып алған. Кенеттен алдыңғы жағынан саршұнақ жүгіріп шығады. Саршұнақтың тағдыры қалай өзгереді? [2]

ІІ жұпқа

  1. Екі адам бірге серуендеп жүр. Бірінші адамның салмағы екіншісіне қарағанда көбірек. Олар бірдей күш жұмсап жүргенімен кай адам жылдам қозғалады? Неліктен? (Үдеуіне байланысты)

  2. Жүргізуші алдыңғы көлікпен 50 м қашықтықты 54 км/сағ жылдамдықты ұстап келе жатып, алдынан кесілген ағаштың көлдеңінен жатқанын байқайды. Сол мезетте жүргізуші тежегішті басқанда кедергіге дейін машинаны тоқтатып үлгере алады ма? Егер үйкеліс коэффициенті 0,64 болса

ІІІ жұпқа

  1. Баскетбол ойынында допты шеңберге тура түсіру үшін қандай үдеумен лақтыру қажет?

  2. Қыс ауасында көшенің арғы бетіне мектепке өту үшін оқушы 38 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан машинадан қандай арқашықтықты сақтай отырып өтуі қажет. Егер машина дөңгелегінің жолмен үйкеліс коэффициенті 0,03 ке тең болса. [2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет