Сабақтың тақырыбы: Менің дотарым



бет2/3
Дата11.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#81681
түріСабақ
1   2   3
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Достық– адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

Оқулық,
мәтіндер.

Ортасы
10 минут



Қолдану

  • Сенің достарың бар ма?

  • Олармен бос уақытыңды бірге өткізесің бе?

  • Достықтың қандай бағалы қасиеттерін білесің?

  • Өзіңнің достарың жайлы айтып бер.

  • Олардың мінез-құлқы қандай?

  • Адамды дос болуға мәжбүрлеген дұрыс па?

  • Ондай адаммен өз ойыңды бөлісіп, сырласуға бола ма?

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер



Сергіту сәті
2 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет