Сабақтың тақырыбы Менің Отаным Қазақстан! Сабақ мақсаты


Викториналық сұрақтарға жауап беру



бет2/3
Дата09.10.2024
өлшемі27,01 Kb.
#147437
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
9 Менің Отаным-Қазақстан!02.09.2024ж

Викториналық сұрақтарға жауап беру:
1. 1992 жылы маусым айының 4 - інде қабылданған Қазақстан Республикасының нышандары - мемлекеттік туының авторы кім?
(Суретші - Шәкен Ниязбеков)
2. «Қазақстан» дейтін Отан - Анамыздың Елтаңбасының авторы кім?
(Сәулетші Жандарбек Мәлібеков және әйгілі суретші Шота - Аман Уәлиханов)
3. Әнұран авторын білесің бе?
(Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов және қосымша түзетілген нұсқау авторы Президентіміз Н. Ә. Назарбаев)


«Еліміздің ұлы тұлғалары». Талай тағдыр тауқыметіне ұшырап, қазақ халқы бүгінгідей бақытқа қол жеткізу үшін қаншама қиын бұралаң жолдардан өтті десеңізші?! Қазақ елін, қазақ жерін білектің күшімен, алмас қылыш ұшымен, өткір тілімен, қасиетті қанымен қорғаған ұлы тұлғаларымыз тарихта аз емес.
1. Ахмет Яссауи - ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы. «Диуани Хикмет» кітабының авторы, дүние жинамай адамдарды азғындық жолынан сақтауда қызмет еткен адам, жаны таза болған.
2. Әз Жәнібек хан - қазақ халқының хандығын құрып, халықтың өз алдына еркін өмір сүруіне ат салысқан, жау қолында қалған қазақ жерін азат еткен.
3. Мұхаммед Хайдар Дулати - тарихшы, «Тарихи рашиди» атты еңбек жазған, қоғам қайраткері.
4. Төле, Қазыбек, Әйтеке - билеріміз, халықтың ұлттық бірлігін нығайтып, халықтығын сақтауға басшылық жасаған данышпан ақын, шешен, ойшыл гуманист көсемдер.
5. Абылай хан - халық мақтанышы, ХVІІІ ғасырдағы бүкіл қазақ елін еркін билеген, елдің тұтастығын қамтамасыз еткен қайраткер, елші, мәмлегер.
6. Құрманғазы Сағырбайұлы - қазақтың күйші, сазгері, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі.
7. Шоқан Уәлиханов - терең ойлы, асқан зейінді, ғылымның әр тарапынан білімі бар, саяхатшы, зерттеуші, тарихшы, географ, этнограф, суретші, Шығысты зерттеуші, халқымыздың тұңғыш ғұлама ғалымы.
8. Абай Құнанбаев - ұлы ағартушы, ойшыл, ғұлама. «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс»,- деп Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай, Абай - жаңа реалистік жазбаша әдебиетінің негізін салушы, қазақ халқының бас ақыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет