Сұлба дегеніміз не? Сұлба жасау жолдары. Таныстыру, талдау және бағалау.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
2.2.3.1 Әртүрлі тәсілдер мен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру
2.3.1.1 Өзінің жұмысын (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және процесін түсіндіріп таныстыру
Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.
Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.
Сабақтың ортасы
Бүгін танысатын жаңа сөзіміз «сұлба» .
«Миға шабуыл» әдісі.
1.Сұлба дегеніміз не?
2.Бұрын сұлба сөзін естіп көрдік пе?
3.Жалпы қайда қолданылады?
4.Сұлбаға нелерді жатқызуымызға болады?
«Жаңа ақпарат» әдісі.Сұлба-графиканың бір түрі.Сұлба (Схема гр.schema-сыртқы түрі,пішін) –машинада немесе механизмде негізгі немесе қосалқы функцияларды орындайтын элементтер мен байланыстардың жиынтығын көрсететін масштабсыз сұлба,сонымен қатар түзілімнің,аспаптың,құрылғының қондырғының,құрылыстың т.б. жұмыс кезіндегі негізгі идеяны принцептерді және процестердің жүйелігін түсіңдіретін құрылымдау құжаттамасының бөлігі болып табылатын сызба.