Сабақтың тақырыбы: Нарық. Еңбек нарығы. Сұраныс, ұсыныс және баға Сабақтың түрі: теория Нарық тауар



Дата14.01.2023
өлшемі14,63 Kb.
#61304
түріСабақ
Байланысты:
44 лекц


Пән: «Қазақ тілі»
Сабақтың тақырыбы: Нарық. Еңбек нарығы. Сұраныс, ұсыныс және баға
Сабақтың түрі: теория


Нарық — тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.
Еңбек нарығы
Еңбек нарығы – жұмыс күшін тауар ретінде сату-сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі. Нарықтың тікелей әсер етуімен жоғары біліктілікке құрылған еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте қабілетті, іскер жұмыскерлер таңдап алынады. Нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқаулар мен әлсіздерді ешқашан алмайды. Ол еңбектің жоғары шапшаңдығын, іскерлік пен біліктілікті талап етеді.
Еңбек нарығы – бәсекелік нарық. Онда жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында сәйкессіздік болады. Жоғары біліктілікті талап ететін жұмыс орындарының бір бөлігі бос болып қала береді, ал арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлігі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда қандай да жұмыс түрін табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Сонымен бірге өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеген жоғары білікті жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады.
Сұраныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы анықталған тауарларды тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі немесе дамдардың бір нәрсе үшін ақы төлеуге қабілеттілігі мен тілегін білдіреді. Сұраныс пен баға арасындағы кері қатынасты сұраныс заңы қарастырады. Сұраныс заңы: а) баға мен сатып алынатын тауар санының арасындағы кері байланысты көрсетеді; ә) сол тауарға деген сұраныстың бірте-бірте азаюы.
Ұсыныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы қойылған тауарларды нарыққа шығару немесе рынокқа сату үшін шығарылған өнімдердің түрлі саны. Тауарларды ұсыну мен баға арасындағы тура қатынасты ұсыныс заңы қарастырады. Ұсыныс заңы баға мен ұсыныстың бір бағытта өзгеруін көрсетеді. Ұсыныс деңгейінің өзгеруі дегеніміз – басқа шарттардың өзгеріссіз болған уақытындағы тауар бағасындағы өзгерістің нәтижесінде өндірушілердің сатуға мүмкіндігі және тілегін көрсететін тауарлар санындағы өзгеріс.
Бағалау, экономикада — материалдық игіліктердің құнын анықтау мақсатында жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы.
Бағалар күрделі экономикалық процесс. Дамыған нарықтық экономика жағдайында Бағалар жер үлестерін сатуда, үй және пәтер саудасында, өндірістік қуаттарды сатып алу немесе инвестициялық жобаларды іске асыруда жиі қолданылады. Бағалар процесі оның негізгі қағидаларын айқындауға және жүзеге асыру тетіктері мен нақты экономикалық есептеулерге негізделеді. Бағалар экономикалық сипатына қарай номиналды, реалды және оптималды болып, ал қолданылатын обьектісіне қарай жекешелендіруге ұсынылған объектілерді Бағалар, негізгі қорды Бағалар, шаруашылық қорларын бағалар, жылжымайтын мүліктерді Бағалар, т.б. түрлерге бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет