Сабақтың тақырыбы Натурал сандардың бөлгіштері және еселіктері Сабақтың типі Жаңа сабақ



бет5/6
Дата07.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#20216
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Т. Тапсырманы топта орындайды.

Мақсат. Бөлгіш және еселік қасиеттерін анықтау.

Тапсырма:

1)Заңдылықты анықтаңыз: Б(12) = 1; 2; 3; 4; 6; 12. Б(20) = 1; 2; 4; 5; 10, 20.

2) 36 санының бөлгіштерін анықтаңыз. Бұл сандар туралы не айтуға болады?

3) Заңдылықты табыңыз: Е(3) = 3; 6; 9; 12; 15; 18; …; Е(11) = 11; 22; 33; 44; 55; 66; …

4) 6,20,32,17 сандарының барлық бөлгіштерін өсу ретімен жазыңыз. Қандай заңдылық байқадыңыз?

Топта талқылап қорытынды жасайды.Әр топтан бір оқушы түсіндіреді.



Ф: Мұғалім бақылайды.

Ф: Өзін-өзі тексеру.(слайд бойынша)
К. Жаттығу тапсырмалары.

1.Анасы Талғатқа алма сатып алуға 850 тг берді. Төрт килограмм алма сатып алу үшін ол ең көп дегенде қанша ақша жұмсайды?;

2 Қалалық автобус жүргізушісі жұмысқа таңғы сағат 7-де кіріседі. Түскі тамақтану үзілісі сағат 12-де басталады. Бір рейстің ұзақтығы 48 минут. Түскі үзіліске дейін жүргізіші неше рейс жасайды?

3. Әр жабық қорапта 6 шәй қасық жатыр.Қорапты ашпай :

а) 42 шәй қасықты; б) 49 шәй қасықты

алуға бола ма?



Ф:  «Бағдаршам». Әр оқушы бағдаршам түсін көрсету арқылы өзінің қаншалықты түсінгенін білдіреді. (жақсы , түсінікті– жасыл, орташа – сары, түсініксіз –қызыл).

Дескрипторлар.

Санның бөлгішін дұрыс анықтайды;

Санның еселігін дұрыс анықтайды;

Математикалық моделін дұрыс құрады;

Теңдеуді дұрыс шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет