(b) Жануарлардың құндылығы жеткілікті, бірақ құрамында нәруызы жоқ жеммен азықтандырғанда өсудің тоқтауы, қан құрамының өзгеруі және басқа да патологиялық құбылыстар байқалған. Мұның себебі не деп ойлайсыздар?
Нәруыз биополимер. Оның мономері 20 аминқышқылы. Нәруыз молекуласын бір-бірінен мынадай белгілеріне қарап ажыратуға болады. Олар: А) нәруыз молекуласындағы аминқышқылдарының санына Б) нәруыз молекуласындағы аминқышқылдарының орналасу ретіне В) нәруыз молекуласындағы аминқышқылдарының құрамына байланысты.Нәруыздың химиялық құрамына көміртек, оттек, сутек, азот, күкірт кіреді. Нәруыздың атқаратын қызметтері:1.құрылыстық( қабықша, мембрана, органоидтер, ұлпа және мүшелердің құрылысына кіреді) 2. өршіткілік( биологиялық реакцияларды тездететін ферменттер) 3. реттегіш(гормондар, нәруыздар зат алмасуға әсерін тигізеді) 4.қозғалыс( бұлшықетұлпаларында, қарапайымдардың органоидтерінде) 5.тасымалдағыш(гемоглобин қанда оттекті тасымалдайды) 6.қорғаныш( қанда антиген-антидене кешені түзіледі)7.энергия көзі, жылу көзі (1г нәруыз ыдырағанда 17,6 кДж бөлінеді. Адамда 5млн-ға жуық, бактерияда 3 млн-ға жуық нәруыз болады.