Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 13-сабақk
Бөлім:
|
Өнер
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 3
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ойнай білу де – өнер. Елдестің ойыны
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу
|
Сабақтың мақсаты
ватсаппен
|
Барлық оқушылар: шығарманы дауыстап түсініп оқи алады.
Көптеген оқушылар: нақыл сөздердің мағынасын шығарма мазмұнымен
байланыстырып айта алады.
Кейбір оқушылар: тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айтып, мағынасын талдай алады.
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
8 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Біз өнерлі баламыз,
Сурет сала аламыз.
Би де билеп қоямыз,
Ән де шырқап саламыз.
Ойынды да ұмытпай,
Асық ойнап аламыз.
Өткен тақырыпқа шолу:
- «Мен де атқа міне аламын» мәтінін мазмұндау.
Оқу материалын жариялау «Миға шабуыл» әдісі арқылы жүреді:
-Суретке зер салыңдар. Сурет мазмұны туралы не айта аласыңдар?
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда ойын ойнау жайлы шығарманы оқитын боламыз.
Сабақ мақсаты жария етіледі.
Оқушыларды топқа бөлу «Таңдау» әдісімен асықтар алғызу арқылы жүреді.
|
Жаттығу жасайды.
Оқу тапсырмасы жайлы сұрақтарға жауап береді.
Тақырыпты ашады.
Асық таңдайды, топқа бірігеді.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
|
|
Жаңа білім
15 мин
2 мин
Бекіту
15 мин
|
(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.
А) Суретті пайдаланып, шешендік сөзді түсіндіріп көріңдер.
Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса, сақа қой.
Жасы кіші демеңдер,
Ақылы асса, аға қой.
Мәтінмен жұмыс. «Елдестің ойыны» мәтінін түсініп тізбектей оқыңдар.
Ә) Автор туралы мәлімет.
Түсініп оқы, әңгіменің авторы туралы әңгімеле.
Оспанхан Әубәкіров (1934–1986)
Алматы облысы Жамбыл ауданы
Үшбұлақ ауылында туған. Ақынның
«Күлеміз-ау», «Қағаз қалпақ» және
т.б. жыр жинақтары бар.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Асық, ойын туралы мақал-мәтелдер айтып, мағынасын талда.
Сергіту сәтінде қазақ күйіне билейді.
(Т, Д) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі, дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.
А) Пікір алмасу:
Елдестің іс-әрекетіне өз көзқарастарыңды білдіріңдер. Өздерің қандай ұлттық ойынды ұнатасыңдар?
Б) Талдау:
Мәтіннің композициялық құрылымына талдау жасаңдар.
Аяқталу бөліміндегі жазбаға түсіндірме беріп көріңдер.
|
- Мәтінді оқиды.
-Сөздікті жазып, жаттап алады.
- Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Тапсырмамен жұмыс жасайды.
Билеп сергиді.
-Өлеңді тыңдайды.
-Сөздікті жазып, жаттап алады.
-Тапсырманы талқылап, өз пікірлерін білдіреді.
|
Дескриптор:
- Шешендік сөзді түсіндіреді-1балл.
- Мәтінді тізбектей дауыстап оқиды-1балл.
Автор туралы әңгімелейді-1балл.
Дескриптор:
- Елдестің іс-әрекетіне өз көзқарастарын білдіреді-2балл.
-Қандай ұлттық ойынды ұнататынын айтады-1балл.
Мәтіннің композициялық құрылымына талдау жасайды-2балл.
- Аяқталу бөліміндегі жазбаға түсіндірме береді-2балл.
|
Оқулық,
Оқулық,
|
Кері байланыс
5 мин
|
Кері байланысты «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы береді. Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.
Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау.
|
Сабаққа кері байланыс жасайды.
|
ҚБ қойылады.
|
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 14-сабақ
Бөлім:
|
Өнер
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 3
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Өнер – білім бар жұрттар
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: шығарманы көз жүгіртіп, қажетті ақпаратты тауып оқиды, негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді таба алады.
Көптеген оқушылар: өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс ұйымдастыра алады.
Кейбір оқушылар: тақырыпқа сай мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіре алады.
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
8 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
«Санау» әдісімен оқушыларды топқа бөледі.
Өткен тақырыпқа шолу:
- «Елдестің ойыны» мәтінін мазмұндау.
- Өткен тақырыпқа қатысты бір-біріңе сұрақтар қойыңдар, жауап беріңдер.
Оқу материалын жариялау «Ой қозғау» әдісімен өтеді:
- Суреттегі тұлғаны таныдыңдар ма?
- Ыбырай Алтынсарин кім?
-Ол туралы не білесіңдер?
- Олай болса, бүгінгі сабақта Ыбырай атамыздың «Өнер-бiлiм бар жұрттар» атты өлеңін оқып танысатын боламыз.
|
Жаттығу жасайды.
Топқа бірігеді.
Мәтін мазмұнын айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
|
|
Жаңа білім
15 мин
2 мин
Бекіту
15 мин
|
(Ұ) 1- тапсырма «Тізбек» әдісімен орындалады.
А) Мәтінмен жұмыс. «Өнер-бiлiм бар жұрттар» өлеңін тізбектей дауыстап оқыңдар.
-Тағы бір қайтара іштей саналы түрде түсініп оқыңдар.
- Өлеңнен негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді табыңдар.
Ә) Автор туралы ой бөлісу:
Автор туралы бір-біріңе сұрақ қойып, жауап беріңдер.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
- Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айтып, мағынасын түсіндір.
Сергіту сәтінде «Қаражорға» билейді.
(Ж, Д) 2-тапсырма-«Жұмбақ айтыс» әдісі.
А) Өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс ұйымдастырыңдар.
Ә) Ата-анаң немесе туысыңның атқарып жүрген жұмыстарын естеріңе түсіріңдер. Олардың еңбегін жеңілдету үшін не ойлап табар едіңдер?
|
- Мәтінді оқиды.
- Сұрақ қойып, жауап береді.
Билеп сергиді.
- Жұмбақ айтыс жасайды.
-Тапсырманы талқылап, өз пікірлерін білдіреді.
|
Дескриптор:
- Мәтінді тізбектей дауыстап оқиды-2балл.
- Автор туралы әңгімелейді -2балл.
Дескриптор:
- Жұмбақ айтыс жасайды -3балл.
- Ересектердің еңбегін жеңілдету үшін не ойлап табатыны төңірегінде ой бөліседі-3балл.
|
Оқулық
|
Кері байланыс
5 мин
|
Кері байланысты «Менің күнделігім» әдісі арқылы береді.
Оқу тапсырмасы: Өлеңнің ұнаған шумақтарын жаттау.
|
Түсінгенін жазады.
Тапсырманы жазып алады.
|
ҚБ қойылады.
|
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 15-сабақ
Бөлім:
|
Өнер
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 3
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Нені үйрендім?
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету
3.3.2.1* шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту), өлең (төрт жолды), әңгіме жазу
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: шығарманың құрылымын анықтап, шығарма кейіпкеріне хат жаза алады.
Көптеген оқушылар: берілген тақырыптар төңірегінде ой бөлісе алады.
Кейбір оқушылар: тақырыпқа сай мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіре алады.
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
8 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне деген сенімділік қалыптастыру мақсатында «Ізгі тілек» әдісі қолданылады.
Өткен тақырыпқа шолу:
- «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңін мәнерлеп оқу.
-Өнер-білім туралы мақал-мәтелдер айтыңдар.
Оқу материалын жариялау «Керме жіп» әдісі арқылы жүреді
-Керме жіпте қандай сөз тұр?
-Олай болса, бүгінгі сабақта «Өнер» бөлімінен не үйренгенімізді анықтайтын боламыз.
Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен оқушыларға кітап суреттерін таңдату арқылы жүреді.
|
Шеңберде оң жағындағы балаға тілек айтады.
Тапсырманы орындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Тақырыпты ашады.
Топқа бірігеді.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
|
Керме жіп, қысқыштар,
Не үйрен-дім?
|
Жаңа білім
15 мин
2 мин
Бекіту
15 мин
|
(Т) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.
А) «Сөз өнері» деген тақырыпта сөйлеуге дайындалыңдар. А. Байтұрсынұлының пікірін пайдаланыңдар. Сөзіңді «А. Байтұрсынұлы айтқандай…» деп бастаңдар. Сөзіңнің аяғын сөз өнері туралы мақалмен аяқтаңдар.
Ә) Суреттерге қарап, «би» сөзінің мағынасын анықтаңдар. Олардың ортақ сипаты мен айырмашылығын айтыңдар.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айтып, мағынасын түсіндір.
Сергіту сәтінде қазақ күйіне билейді.
(Ж, Д) 2-тапсырмада «Бізде бір ой бар...» әдісі, дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.
А) Семантикалық картаны толтырыңдар.
Ә) Өнердің қандай түрлері бар? Кластер құрастырыңдар.
Б) Сызбадағы жазуларды сәйкестендіріңдер. Түсіндіріңдер.
|
- Тапсырма орындайды.
Билеп сергиді.
-Тапсырманы талқылап, сұрақтарға жауап береді, өз пікірлерін білдіреді.
|
Дескриптор:
- «Сөз өнері» деген тақырыпта өз ой-пікірлерін ашып айтады-2балл.
- «Би» сөзінің мағынасын анықтап, ортақ сипаты мен айырмашылығын айтады-2балл.
Дескриптор:
- Семантикалық картаны толтырады-2балл.
- Өнердің қандай түрлерін табады-2балл.
- Сызбадағы жазуларды сәйкестендіреді-2балл.
|
Оқулық
|
Кері байланыс
5 мин
|
Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.
Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.
Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау.
|
Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.
|
ҚБ қойылады.
|
|
Бұл ҚМЖ-ны өзгелерге таратуға болмайды, авторлық құқықты сақтаңыз. Егер осындай дайын ҚМЖ немесе БЖБ, ТЖБ алғыңыз келсе, +77764531215 нөміріне ватсапқа жазыңыз.
2-тоқсанға 5 пәннен БЖБ, ТЖБ 2 нұсқада алуға болады.
Оның ішінде:
математикадан 3 бжб,1 тжб
қазақ тілінен 2 бжб, 1 тжб
әдебиеттен 2 бжб, 1 тжб
дүниетанудан 1 бжб
жаратылыстанудан 1 бжб, 1 тжб болады.
БЖБ-лардың мақсаты, дескрипторымен балл қою кестесі, рубрикасы болады.
ТЖБ-лардың тапсырма сипаттамасы, дескрипторымен балл қою кестесі болады.
БЖБ, ТЖБ-лар биылғы курста берілген жаңа шаблонда жасалады және ЖБ алатын уақытқа қарай почталарыңызға жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |