Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5.3В бөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
|
Мектеп: А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта мектебі
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушы саны:
|
Қатыспаған оқушы саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
5.1.2.27. Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Ондық бөлшектерді қосу мен азайтудың ережесін біледі.
Оқушылар көпшілігі орындай алады:
Ондық бөлшектерді қосу мен азайтудың ережесін пайдаланып, баған түрінде орындай алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Есептің шартын пайдалана отырып, қосудың қасиеттерін қолдана алады.
|
Жетістік критерийлері
|
ондық бөлшектерді қосу және азайтуды «бағандап» орындайды және түсіндіреді;
ондық бөлшектерді қосады;
ондық бөлшектерді азайтады;
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Ондық бөлшекке қолданылатын амалдардың алгоритмін түсіндіреді.
Лексика және терминология:
бүтін бөлігі, бөлшек бөлігі;
ондық бөлшек;
үтірмен ажыратылған цифрлар саны;
үтірден кейінгі цифрлар саны;
ондық, жүздік, мыңдық т.с.с. бөліктер;
санды разрядтарға жіктеу;
разрядтық бірліктер;
ондық сандар.
|
Құндылықтарды дамыту
|
1. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы
2.Өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, бірін бірі сыйлауға баулу. Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдауға, өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету, топпен жұмыс жасай алу, сынға дұрыс қарау.
|
Бастапқы білім
|
Ондық бөлшек. Натурал сандарды қосу және азайту. Сан разрядтары
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
|
Оқыту ресурстары
|
Сабақтың басы
10 минут
|
Ұйымдастыру сәті: Сабақ басында мұғалім мен оқушылар амандасады.
Үй жұмысын тексеру: Салыстыруға есептер құрастыру.
Өткен тақырыпты қайталау. Ауызша сұрау.
Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Доп лақтыру» әдісі арқылы шолу сұрақтары қойылады:
Ондық бөлшектер дегеніміз не?
Ондық бөлшек қалай оқылады?
Ондық бөлшек қалай жазылады?
Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде қалай жазылады?
Қандай жай бөлшектер ондық бөлшек түріне келеді?
Қандай бөлшектер ондық бөлшектер түріне келмейді?
Ондық бөлшектер қалай салыстырылады?
Натурал сандар қалай қосылады және азайтылады?
Тапсырма. Берілген санды алдымен 0,8-ге арттырды, кейін 0,32-ге кемітті, артынан 2,54-ге арттырды да, 3,2-ке кемітті, соңында, 9,601-ге арттырып, 34,39-ға кемітті. Нәтижесінде 55,111 шықты. Бастапқыда қандай сан берілді?
Есеп сұрағына жауап беру үшін не істеу қажет?
Оқушыларға сабақ тақырыбы мен сабақ мақсатын құруды ұсынамын.
|
кестелер,
доп
|
Сабақтың
ортасы
10 минут
|
|
кеспелер,
А4 форматты ақ қағаздар
|
Жеке жұмыс
10 минут
|
А деңгейінің есептері № 779(т), №781(т)
В деңгейінің есептері № 784
С деңгейінің есептері № 783
Дискриптор
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлар
|
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
|
үтірден кейінгі цифрлар санын дұрыс теңестіреді.
|
Сандарды бағандап дұрыс, үтірді үтірдің астында жазады.
|
Қосуды дұрыс орындайды.
|
Азайтуды дұрыс орындайды.
|
Нәтиженің бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін үтір арқылы дұрыс ажыратады.
|
|
оқулық
Алдамұратова Т.А., Байшоланов Е.С. Математика: Жалпы білім беретін мект. 5-сыныбына арн. / Т. Алдамұратова, Е. Байшоланов.- Алматы: Атамұра, 2017
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Сабақты қорытындылау.
Рефлексия: Оқушылар « Жетістік ағашында» өздерін белгілеп, таңдауларын түсіндіреді.
Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын.
Сабақ маған түсініксіз.
Мұғалім ең соңында оқушыларда ненің сәтті шыққандығы және де әлі де нені жетілдіру керектігі жөнінде сындарлы кері байланыс береді.
Үйге тапсырма: №780, №787
(1.Алдамұратова Т.А., Байшоланов Е.С. Математика: Жалпы білім беретін мект. 5-сыныбына арн. / Т. Алдамұратова, Е. Байшоланов.- Алматы: Атамұра, 2017
|
стикерлер, оқулық
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс - денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс.
Құндылықтармен байланыс
(тәрбие элементі)
|
Үлгерімі нашар оқушыларға тапсырмалар беру.
Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі.Сабақ кезеңінің кез келген сәтінде уақытты ұтымды пайдалану
|
Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау
|
1. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы
2.Өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, бірін бірі сыйлауға баулу. Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдауға, өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету, топпен жұмыс жасай алу, сынға дұрыс қарау.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |