(Ұ, Д) 1- тапсырма«Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.
9-жаттығу. - Мәтіннің тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнын болжаңдар.
-Мәтіндерді оқып, өзара салыстыр.
-Мәтіндерде кім туралы айтылған?
-Мәтіндерді көркем шығарма түріне ажырат.
-Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын тауып көр.
-«Суретші ата» мәтінінен зат есімдерді теріп жаз, қайсысы жалпы есім, қайсысы жалқы есім екенін айт.
Сергіту сәтінде «Қаражорға» билейді.
(Т, Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.
10-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.
Мүсін з.е. әртүрлі тәсілмен з.е. жасалады. Мүсіннің з.е. бедерін з.е. шығаруда жұмсақ сазбалшық з.е. пайдаланылады. Қатты
затты з.е. кертіп* те бедер* з.е. жасауға болады.
Зат есімдерді тап. Олардың үстіне з. е. деп белгіле.
• Мүсін сөзінің айтылуы мен жазылуын салыстыр.
Айтылуы: мүсүн
Жазылуы: мүсін
11-жаттығу. А) Сызбаға қарап, жалқы және жалпы есім туралы қорытынды жаса.
Ә) Зат есімдерді жалқы, жалпы, жекеше, көпше түрлеріне ажырат. Әр сөздің қандай сұрақтарға жауап беріп тұрғанын айт. Ойыңмен бөліс.
Мұражай, экспонаттар*, мүсінші, кілемдер, төсеніш, портрет, Әбілхан Қастеев. Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға: - Зат есім түрлеріне мысалдар жаз.
Сұрақтарға жауап береді.
Тапсырманы орындайды.
Билеп сергиді.
Тапсырманы орындайды.
Сызбамен жұмыс жасайды.
Дескриптор: Мәтіндерді өзара салыстырады, көркем шығарма түріне ажыратады -1балл.
Мәтіндер кім туралы екенін анықтайды -1балл.
Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын атайды-1балл.
- Зат есімдерді теріп жазып, жалпы және жалқы есімді ажыратады-1балл.
Дескриптор:
- Мәтінді көшіріп жазады -1балл.
- Зат есімдерді тауып белгілейді-1балл.
- Мүсін сөзінің айтылуы мен жазылуын салыстырады -1 балл.
- Сызбаға қарап, жалқы және жалпы есім туралы қорытынды жасайды-1балл.
- Зат есімдерді жалқы, жалпы, жекеше, көпше түрлеріне ажыратады-1балл.
- Әр сөздің қандай сұрақтарға жауап беріп тұрғанын айтады-1балл.