9.4.3.15-құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін білу және альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атау;
9.4.3.16-Қазақсатандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атау және оларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін біледі.
Көпшілік оқушылар үшін: Альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды
Кейбір оқушылар үшін: Қазақсатандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атайды.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.