Сабақтың тақырыбы Қоршаған орта: терминдер мен анықтама



бет2/4
Дата05.06.2022
өлшемі0,53 Mb.
#36362
түріСабақ
1   2   3   4
Қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды үтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдык шаралар жүйесі;
Қоршаған ортаны қорғау объектілері - қоршаған ортаның заңдармен корғалатын құрамдас бөліктері;
Табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық т.б. қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;
Табиғатты пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы;
Қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;
Қоршаған ортаның мониторингі - адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдары туралы ескерту;
Қоршаған ортаның сапасын нормалау - адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу;
Қоршаған ортаны ластау  - қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялык және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;


Тілдік бағдар
Сөйлемнің үйірлі мүшелері
Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір ғана мүше бола алатын, бірақ өз ішінде шартты түрде бастауыш, баяндауыш және басқа сөйлем мүшелеріне талданатын сөздер тізбегін үйірлі мүше деп атайды. 
Үйірлілік – сөйлем мүшелерінің барлығына тән. 
Мысалы:
Үйірлі бастауыш: Анамның айтқаны (не?) әлі есімде сақтаулы.
Оқығаны көп (кім?) білмейді, тоқығаны көп(кім?) біледі.
Үйірлі баяндауыш: Үндемесең – дау алар (не істер?), жата берсең – жау алар.
Үйірлі анықтауыш: Қабілеті бар (қандай?) оқушы мақсатына жетеді.
Үйірлі толықтауыш: Сөз тапқанға (кімге?) қолқа жоқ.
Үйірлі пысықтауыш: Кітапханадан кітап алғалы (не үшін?) келді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет