Қызығушылықты ояту. «Сөзді тап» ойыны.
(Ұ) Тақтаға мысалдар жазылған парақшалар ілінеді.
9 – 2 = 7 Е
3 + 2 = 5 Р
3 – 1 = 2 К
5 + 4 = 9 М
8 – 8= 0 Е
1 + 3 =4 Е
Оқушылар мысалдарды шешіп, шыққан сандарды кему ретімен жазып, жасырынған сөзді табады.
9 7 5 4 2 0
м е р е к е
Мысалдар жазылған үлестірме парақшалар рмеүұ парақшалар
Сабақтың ортасы:
«Ойлан-жұптас-бөліс» (Т) Отбасылық қандай мерекелерді білесіңдер? «Ассосация» әдісі бойынша постерге жаз.
Бағалау:
Смайликтерарқылы жүргізіледі.
«Ойлан, тап!»
Шарты: Сурет бойынша әңгімелеу. Берілген суретте қандай мереке бейнеленгенін айту.
(Т) Суретте қандай мереке бейнеленген?
Отбасыңда бұл мереке қалай тойланады?
Топта талқыла.
(Ж) Апаңның туған күні туралы әңгімеле.
Бағалау:
«Бағдаршам» әдісімен жүргізіледі.
«Сөздер құра» ойыны.
(Т)Оқушыларды 2-3 топқа бөліп, әріптер жазылған кесте қағаздар таратамын. Әр топқа барлық үш тірек сөз беріледі. Оқушылар аталған әріптерден «отбасы», «мереке», «тойлау» сөздерін құрастыруы тиіс. Тапсырманы басқалардан жылдам орындаған және үш тілде барлық тірек сөздерді дұрыс құрастырған топ жеңімпаз болады.
Бағалау:
Смайликтер арқылы болады.
«Ойыңмен бөліс» (Ж) Оқушылар Жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелеп береді. Олар өз отбасында бұл мерекені қалай атап өтетіні туралы естеріне түсіріп айтады. Бұл мерекеде айтылатын тілектер, берілетін сыйлықтар, ең негізгісі шырша, Аяз Ата мен Ақшақар туралы айтады. Шыршаның суретін салады.