Сабақтың тақырыбы: Оқу мақсаты: Сабақтың мақсаты



Дата16.10.2023
өлшемі69,72 Kb.
#116508
түріСабақ

Бекітілді:

Білім беру ұйымының атауы: №49 мектеп КММ
Пәні: Қазақстан тарихы:

Бөлім: Ұлы Дала өркениеті
Тарау: Ұлы Дала өркениеті

Педагогтың аты-жөні:

Нұржанова Мадина Абсадиковна

Күні:




Сыныбы:

10

Сабақтың тақырыбы:

Оқу мақсаты:


Сабақтың мақсаты:

«Ұлы Дала» өркениетінің қайнар көзі және ерекшеліктері(энеолит, қола дәуірі)

10.1.2.3 – Ұлы Дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіру


Ежелгі Қазақстан аумағында пайда болған көшпелілер өркениетін және олардың ерекшелігін анықтау.



Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері\уақыты:

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылармен сәлемдесу;
-оқушыларды түгендеу;
-ынтымақтастық атмосферасын орнату.
ІІ. Оку тапсырмасын қайталау.



  1. «Ұлы Дала» тарихи ұғымы?

  2. Қыпшақ даласы қандай территорияны алып жатыр?

  3. Ұлы Дала тарихының бір қыры?

Мұғаліммен сәлемдеседі, сабаққа дайындалады.

Оқушылар өз білімдерін пайдаланып сұрақтарға жауап береді.



«Мадақтау» арқылы бағалау



Кітап
Слайдтар
Видеороликтер
Хабарламалар




ІІІ. Ой қозғау. Оқушыларға сабаққа қатысты терминдер беріледі.
Энеолит
Ботай мәдениеті
Қола дәуірі
Жылқы өсіру
андрондықтар

Оқушылар терминдерді еске түсіру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.



Стикерлер арқылы бағалау




Сабақтың ортасы

ІҮ. Жаңа тақырып:
оқушыларға жаңа білімді игерту үшін
- «Ұлы Дала» көшпелі өркениетінің пайда болуының алғышарттарын атаймын;
- Ұлы дала өркениетінің пайда болу және қалыптасу кезеңдеріне тоқталамын;
- Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктеріне тоқталамын
- «Ұлы дала» тарихи мәдени аймағы, географиялық орналасуы, сипаттамасы туралы түсіндіремін.
Ү. Жаңа тақырыпты меңгерту
Топтық жұмыс. Сабақты тереңдете меңгерту мақсатында оқушыларға топтық тапсырма беріледі.
«Постер құру» әдісі
1-топ Энеолит дәуіріндегі Ұлы Дала
2-топ Ботай мәдениеті
3-топ Көнешұңқыр тарихи-мәдени қауымдастығы?
4-топ Андрондық мәдени-тарихи қауымдастық


Топтық тапсырмаларды орындау үшін берілетін критерийлер:
- тарихи деректерді қолданады;
- оқиғаны толығырақ сипаттайды
- ойларын жүйелі ұсынады


Жеке жұмыс. Картамен жұмыс. Картадан қола дәуірінде Қазақстан аумағында өндірілген кен орындарын көрсетіңдер.

Дескрипторлар:
Картадан атаулы аймақтарды көрсетеді;
Картада аймақтардың шекарасын белгілейді.



Оқушылар берілген мәліметтермен танысады. Алған білімдеріне талдау жасайды.
Оқушылар критерийлерді қолдана отырып топтық тапсырма орындайды. Берілген тарихи мәдени аймақтардың географиялық орналасуын, тарихи сипаттамасын толығырақ баяндайды.

Оқушылар картамен жұмыс жасайды. Аймақтарды картада көрсетеді және белгілейді.


«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау



Дескрипторлар арқылы бағалау

Слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс. «Жақсы сұрақ» әдісі бойынша кері байланыс жасайды.
Неліктен....?
Егер ... болса қалай?
Сіз қалай....?


Үй тапсырмасы: Тақырыпты түсініп оқу. Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау



Оқушылар «Жақсы сұрақ» әдісі бойынша кері байланыс жасайды.








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет