«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
Жұмыс дәптері.
4-бет
|
Жаңа сабаққа дайындық.
|
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, бұл суретте информатика кабинеті бейнеленген. Ол жерде АКТ сабағы өтеді. Кабинетте компьютерлер бар. Кабинетті пайдаланудың өз ережесі бар. Мұғалім балаларды өздері оқып жатқан информатика кабинетімен таныстырады.
|
Сабақтың ортасы
(26 мин)
|
Қабырғаларға алдын ала оқулықта берілген кабинеттің суреттері ілінеді. Сол суреттерді оқушылар аралап, тамашалап, өз ойларымен бөліседі.
|
1- тапсырма:
Суреттерге назар аудар! Информатика кабинетінде не істеуге болмайды? Себебін түсіндіріп көр.
|
ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!».
|
Интерактивті тақта
|
|
(МК, Т). Интерактивті тақтадан компьютер алдында отырған оқушыларды бейнелейтін 4 сурет көрсетіледі.
1-тапсырма:
Компьютердің алдында отырудың ережесі бар. Кім компьютер алдында дұрыс отыр?
|
Дескриптор:
Компьютер алдында жатуға болмайтынын айтады.
Компьютер алдында отырғанда мониторға жақыннан қарауға болмайтынын айтады.
Компьютер алдында отырғанда құрылғыларды дұрыс пайдалануды айтады.
Компьютер алдында орындыққа тік, түзу отыру керектігін айтады.
|
|