Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзіменынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді түсіндіреді.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділер туралы видеоролик көреді.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-Тапсырма
1. Қиылысатын екі түзу жазықтықты неше бөлікке бөледі?
2) Дәптерге бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте белгілеңдер.
Әрбір екі нүкте арқылы бір түзу жүргізіңдер.
•Неше түзу жүргізуге болады?
• Жүргізілген түзулер жазықтықты неше бөлікке бөледі?
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Тапсырманы орындайды және дәптерге сызады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-Тапсырма.
1) Екі түзудің О нүктесінде қиылысуынан пайда болған бұрыштар
өзара тең болса, бұрыштардың әрқайсысы неше градустан болады?
2) Үш түзудің Онүктесінде қиылысуынан пайда болған бұрыштар
өзара тең болса, бұрыштардың әрқайсысы неше градустан бола-ды? Сызып көрсетіңдер.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Тапсырманы орындайды және сызып көрсетеді..
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|