Материалдарды және құрал-жабдықтарды таңдау және дайындау.
Астыңғы және үстіңгі жіпті керетін реттегіштің қалай жұмыс істейтінін, ине нөмірін таңдауды, оны дұрыс орнатуды көрсету.
Келесі іс-әрекеттерді кезеңімен орындау ұсынылады:
Шарыққа (шпулька) жіп орау.
Үстіңгі және астыңғы жіпті сабақтау.
Мата қиығына тігім жүргізу.
Жіптің керілуі мен ине шаншым ұзындығын реттеу.
Тапсырма.Түрлі мата қиындыларында машина тігістерін орындау.
- Үстіңгі жіптің керілуі қалай реттеледі?
-Астыңғы жіптің керілуі қалай реттеледі?
- Инешаншым ұзындығы неге байланысты?
- Машина тігімінде кездесетін ақауларды ата.
- Тігімдегі астыңғы немесе үстіңгі жіптің іркілуін қалай жөндеуге болады?
Жұмыс барысында жұмыстың ұқыпты орындалуын, тігін машинасымен тігіс жүргізу барысында қауіпсіздік техникасының сақталуын қадағалайды.
Қол және машина инесінің құрылысын қарастырып, оларды салыстыруды, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтауды ұсынады.
|
Оқушыларға қол тігістері мен машина тігістерімен орындалған бұйымды қарастыру ұсынылады. Екі тігістің қалай орындалғанын және қандай құрал-жабдықтар пайдаланғандығын анықтайды.
Түрлі машина тігістерін қарастыруды ұсыну. Оқушылармен матамен жұмыс барысында тігістің қолданылуын, оның қалай жүргізілетінін, тігін машинасының қалай жұмыс жасайтынын талқылау.
|
Дескрипторлар:
Машинаның үстіңгі және астыңғы жібін дұрыс өткізеді;
Мата қиындысын тігін машинасына дұрыс орналастырады.
Инешаншым ұзындығын матаға байланысты дұрыс таңдайды;
Техника қауіпсіздігін сақтап, тігіс түрлерін орындайды.
|
Сабақтың соңы
|
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
|
Оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлседі.
|
|
Екі жұлдыз бір тілек стикері
|