Математика,геометрия,
Ағылшын тілі,қазақ тілі,әдебиет,информатика,сызу,бейнелеу
Рефлексия Сабақ \оқу мақсаттары жүзеге асырымды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен жоспарлағаным өз мәнінде жүзеге астыма ?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Бұл сабағымда менің сәтті шықты деп ойлаймын.Тік тар белдемше технологиясын оқушыларға меңгерте алдым.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауы, топтық жұмыс барысында өзара сыйластықтары,бір-біріне құрметпен қарау,сабақтағы ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға құштарлықтары мені қуантты. Әр топ өзіне берілген тапсырмаларды уақытылы орындап отырды. «Эфирде жаңалықтар» әдісінде өздері рөлге еніп,диктор қызметін атқара білді.Барлық тапсырмаларда да өз шеберліктерін көрсете білді.
Қорытынды бағамда
Сабақта ең тиімді болған екі жұмыс немесе тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және оқуға қатысты)
1: “Сұрақтар қалпағы” әдісіндегі (Пікір алысқым келеді, Мен білмеймін.Сен ше?) стратегияларда оқушылардың қызуғушылығы оянып,түрлі ашық сұрақтар қою ерекшеліктері байқалды
2: Қысқа және кеңейтілген сөйлемдер» әдісі бойынша тік тар белдемшеге байланысты қысқа және кеңейтілген сөйлемдер құрастырудағы оқушылардың ұзыннан таусылмайтын сөйлем құрағандары өз ерекшелігімен көрінді
Қандай екі жұмыс немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқытуға және оқуға қатысты)?
1: Кейбір оқушыларымыздың ұшқыр ойлы,идеясы бар,фантазиясы мықты оқушыларымыздың ойын тілмен ұштастыра білсе,сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіру туралы не білдім?
1: «Әліпби желісі» әдісі бойынша әліппедегі 42 әріп қиындыларынан 6-7 әріптерді алып, сол әріптерден белдемшеге байланысты сөйлем құрау кезінде сәл қиналғандары , қиналса да әйтеуір сөйлем құрап шыққандары қуантты,дегенмен әлі де оқушыларымыздың сөздік қорларының аздығы байқалды.