Сабақтың тақырыбы: Процессорды жаңғырту Модуль/пән атауы



бет2/2
Дата19.01.2023
өлшемі21,44 Kb.
#61954
түріСабақ
1   2
Байланысты:
оқу жоспары 8, 28.09

Қорытынды
(5 минут)

Цифрлық жүйелер оқулық
47. 337 бет.


Компьютерді жаңғырту
Процессор (Central Processing Unit, CPU) – көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема.
Ол – компьютердің "миы", логикалық және арифметикалық тапсырмаларды орындайды. Физикалық түрде барлық функцияны атқаратын электронды блоктан тұратын интегралды микросхеманы (тікбұрышты кристалды кремниден тұратын пластина) құрайды.
Бүгінгі таңда нарықта процессор шығаратын екі танымал фирма бар, олар AMD және Intel. Сондықтан поцессорды таңдағанда сол екі өндіруші фирманы қарастырады. Мысалы, Intel Celerоn, Intel Сore 2 Duo, Intel Сore 2 Quad, Intel Сore i7 (2009 ж.), AMD Athlon, Athlon 64 Х2 және т.б. Олардың бәрі интерфейс, технологиялық қолдану және жылдамдықтарымен ерекшеленеді.
Ядро жиілігі.
Ядро жиілігі – процессор командаларын орындауда жылдамдыққа әсер беретін көрсеткіш. Алайда, бұл тіптен тез әрекет етеді дегенді білдірмейді. Ядро конструкциясына байланысты және оны әртүрлі аппараттық блоктармен толтыруда, ядро бір тактіде әртүрлі команда санын орындай алады, сондықтан әртүрлі жиіліктегі процессорлар бірдей өнімділік қамтитыны жиі кездеседі.
Бір такттің бірлігі 1 Гц болады. Бұл 1 Гц жиілікте процессор ядросы 1 млрд. такттарды орындай алатынын көрсетеді. Теория тұрғысынан алсақ, бір тактта ядро бір операцияны орындайды, процессордың жұмыс жылдамдығы секундына 1 млрд. операцияны құрайды. Тәжірибеде бұл көрсеткішті есептеу өте қиын, себебі оған тактта орындалған операция саны, операция күрделілігі, кэш-жадының және жедел жадының өткізу қабілеттері және т.б. әсер етеді.
Шиналар.
Шина – процессордың басқа құраушылармен мәлімет алмасуы арқылы сипатталған канал. Бұл каналға мысал ретінде кэш-жады, жады контроллері, бейнекарта, қатқыл дискі және т.б. құрылғылар мен мәлімет алмасу каналын келтіруге болады. Шиналардың ең маңызды сипаттамасы - олардың разрядтылығы мен жұмыс жиілігі болып табылады. Олардың жиілігі мен разрядтылығы жоғары болған сайын, мәліметтер шина арқылы уақыт бірлігінде көп болады, демек процессорда немесе басқа да құраушыларда көп мәліметтер өңделеді. Мысал ретінде AMD процессорын алатын болсақ, олар әртүрлі жиілікте жұмыс істейтін және әртүрлі разрядттылығы бар бірнеше шиналардан тұрады (ішкі және сыртқы). Бұл технологиялық ерекшеліктерімен байланысты. Тез шиналардың жиілігімен барлық құраушылар жұмыс істеуге қабілетті емес. Тап осы жерде процессор жиілігі оның жұмыс жылдамдығының көрсеткіші деп ойлайтын, көптеген қолданушылардың алғашқы және ең басты қателігі ашылады. Негізінде барлығы шинаның өткізу мүмкінділігіне байланысты, мысалы, егерде ядроның бір тактінде 64 бит немесе 8 байт ақпарат берілсе (64 битті процессор) және шина жиілігі 100 МГЦ-ті құраса, онда шинаның өткізу мүмкіндігі, 8 бит х 100000000 тактыны құрайды, шамамен 763 Мбайтқа тең. Осы көрсеткішке жету нәтижесінде, процессордың қалған жылдамдық қоры тоқталып тұрады. Процессор (Central Processing Unit, CPU) – көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Ол – компьютердің "миы", логикалық және арифметикалық тапсырмаларды орындайды. Физикалық түрде барлық функцияны атқаратын электронды блоктан тұратын интегралды микросхеманы (тікбұрышты кристалды кремниден тұратын пластина) құрайды. Бүгінгі таңда нарықта процессор шығаратын екі танымал фирма бар, олар AMD және Intel. Сондықтан поцессорды таңдағанда сол екі өндіруші фирманы қарастырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет