* Шеткі мүшелері мен ортаңғы мүшелерінің көбейтінділерінің мәні тең.
Пропорцияның негізгі қасиеті. Шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең. Пропорцияның белгісіз мүшесін табуды қарастырайық.
1 - мысал: х белгісіз - ортаңғы мүшені табу керек
Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін шеткі мүшелерін көбейтіп, белгілі ортаңғы мүшеге бөлеміз.
; .
2 – мысал: х белгісіз – шеткі мүшені табу керек
Пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ортаңғы мүшелерін көбейтіп, шеткі мүшеге бөлеміз. ; ;
Мәтінді есептерде пропорцияның қасиетін пайдалану.
Есеп: 120 м матадан 24 көйлек тігіледі, осындай 18 көйлек қанша м матадан тігіледі?
Берілгені:
120 м матадан - 24 көйлек
? м матадан - 18 көйлек.
Табу керек белгісізді
Шешуі: Белгісізді х деп белгілеп, пропорцияны құрамыз.
120 : 24 = х:18
Пропорцияның қасиетін пайдаланып белгісіз мүшесін табамыз.
х = (120 · 18):24 = 90 ; х = 90. Жауабы: 90 м мата.
пропоциясынан жаңа пропорция алу тәсілдері: Егер пропорцияның тек ортаңғы мүшелерін орындарын ауыстырғанда, онда пропорция теңдігінің мәні өзгермейді. ;
Егер пропорцияның тек шеткі мүшелерін орындарын ауыстырғанда, онда пропорция теңдігінің мәні өзгермейді. ;
Егер пропорцияның бір мезетте шеткі мүшелері мен ортаңғы мүшелерін орындарын ауыстырғанда, онда пропорция теңдігінің мәні өзгермейді. ;
Оқушылар тақтаға назарларын аудару арқылы және мұғаліммен ақылдаса отырып, білімдерін толықтырады, дәптерлеріне түсіреді
, жұмыстарын өзара алмастырып жауаптарын өзара тексереді
Мысал есептерді түсіне отырып дәптерлеріне көшіріп жазады.
Пропорцияны жазады.
Пропорцияның белгісіз мүшесін таба алады.
Пропорцияның негізгі қасиеттін дәптеріне жазып алады.
Пропорцияның белгісіз мүшесін таба алады.
Жаңа пропорция алу тәсілдерін дәптерлеріне жазып алады.