Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.2А
|
Мектеп: Бөгетсай мектеп-гимназиясы
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Мукашева Ш.А.
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.1.2.22 рационал сандардан тұратын санды өрнектердің мәндерін табу;
|
Сабақтың мақсаты
|
рационал сандардан тұратын санды өрнектердің мәндерін табу;
бірнеше амалдардан тұратын санды өрнектердің мәнін табу;
күрделі санды өрнектердің мәнін табу.
|
Бағалау критерийі
|
рационал сандардан тұратын санды өрнектердің мәндерін табады
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
бүтін сан, жай және ондық бөлшек, оң және теріс сан, қарама-қарсы сандар
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
екі теріс санның қосындысы...
таңбалары әртүрлі сандардың қосындысы...
бір саннан екінші санды азайту үшін...
координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін...
таңбалары әртүрлі екі санды көбейту үшін...
екі теріс санды көбейту үшін...
таңбалары әртүрлі сандарды бөлу үшін...
теріс санды теріс санға бөлу үшін...
|
Құндылықтарға баулу
|
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі және Астана» құндылығына баулу тапсырма арқылы іске асырылады
|
Пәнаралық байланыс
|
география, физика
Сабақта пәнаралық байланыс тапсырма арқылы жүзеге асырылады
|
Алдыңғы білім
|
Қарама-қарсы сандарды біледі, оларды салыстырады және өсу ретімен жаза алады; рационал сандарды қосады, азайтады, көбейтеді және бөледі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
«Әріптер мен сандар»
2 минут
«Миға шабуыл»
топпен жұмыс
5 минут
|
Оқушылардың сабаққа дайындығы. Сабақ мақсатын айқындау. Рационал сандар түрлері арқылы 4 топқа бөлемін: оң бүтін, теріс бүтін, оң бөлшек, теріс бөлшек сандар арқылы.
Мысалы: 5; 11; 8; -6; -9; -13; 2/3; 1,2; 4/9; -3,2; -0,9; -6/7
Әр топқа әріптер жазылған таратпа қағаздар таратып, сол әріптерден басталатын тақырыпқа қатысты терминдер айту керек.
|