Сабақтың тақырыбы: Радиоактивтілік. Радиоактивті сәулеленудің табиғаты Сабақ негізделген оқу



бет2/3
Дата22.07.2023
өлшемі109,19 Kb.
#104628
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
sabaq-kz attachment mzh.-radioaktivtlk.-radioaktivt-sulelenud-tabiaty

Бағалау критерийі

Радиоактивтілік ұғымын және бірнеше кезеңнен тұратын процесс екендігін біледі.
Радиоактивті ыдырау салдарын түсінеді және радиоактивті ыдырайтын атомдарды анықтайды
Радиоактивті сәулелердің пайда болуы туралы мағлұмат алады
.Ядролардың ыдырау заңдылығын түсініп,ыдыраудың сақталу заңдылығын біледі.
Формулаға сүйене отырып,есептер шығарады
.Реакция жазуды үйренеді

Тілдік мақсат



Оқушылар: Ереже айтуда, есептер шығаруда физикалық терминдерді пайдаланып, сөйлей алады
Негізгі сөздер мен тіркестер:

қазақша

орысша

ағылшынша

радиоактивті

радиоактивтность

radioactive

Аьлфа,бета,гамма сәулелену

Аьлфа,бета,гамма излучение

Alpha,beta and gamma decau

электрон

электрон

electron

протон

протон

proton

Нейтрон

Нейтрон

neutron

изатоп

изатоп

isotope


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: сұхбаттасу, пікір алмасу, формулаларды жазу
Талқылауға арналған тармақтар:
топтарға бөлініп берілген тапсырмаларды талқылайды.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы тақырып

Рентген сәулелері



Жоспарланған
уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут



Топқа бөлу 2 минут
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Тұсау кесерТақырып бойынша өткендерді еске түсіру(электронды оқулық)Бүгінгі тақырып тақтадан көсетіледі
Диалог жүргізу арқылы өткен сабақты пысықтау мақсатында сұрақтар тізбесі қойылады.
1 Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?
2 Зарядтық сан дегеніміз не?
3 Нейтрон санын қалай белгілейміз?
4 Изатоптар дегеніміз не?
5 Атомдық санды қалай табуға болады?
6Ең алғаш радиоактивтілікті ашқан кім?
ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша радиоактивтік сәуле шығарудың табиғатымен танысамыз.

  1. Ядроның байланыс энергиясы дегеніміз қандай энергия?

  2. Байланыс энергиясы мен масса ақауы арасында қандай тәуелділік бар?

  3. Меншікті байланыс энергиясы деп қандай энергияны айтамыз?

  4. Ядролық энергияны босатып алудың қандай жолдары бар?




1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Ортасы
20 минут

Білу және түсіну 10 минут

Альфа-бөлшектер


-бөлшектердің табиғатын анықтау анағұрлым қиын болды, себебі олар магнит және электр өрістерінде нашар ауытқиды.
Бұл мәселені тыңғылықты етіп Резерфорд шешті. Ол магнит өрістеріндегі ауытқуына қарап, бөлшектің q зарядының оның m массасына қатынасын өлшеді. Ол шамамен протондікінен — сутегі атомының ядросынікінен — екі есе аз екен. Протон заряды элементар зарядқа тең, ал оның массасы массаның атомдық бірлігіне өте жақын. Олай болса -бөлшектің бір элементар зарядына массаның екі атомдық бірлігіне тең масса сәйкес келеді.
Бірақ -бөлшектің заряды мен оның массасы белгісіз болып қала берді. -бөлшектің не зарядын, не массасын өлшеу керек болды. Гейгер санағышы жасалған соң зарядты өлшеу оңай да сенімді болды. Жұқа терезе арқылы -бөлшектер санағыш ішіне өте алады және оны санағыш тіркейді.
Резерфорд -бөлшектер жолына Гейгер санағышын қойып, радиоактивті препараттардың белгілі бір уақыт ішінде шығарған бөлшектер санын өлшеді. Сонан соң санағыш орнына сезгіш электрометрмен қосылған металл цилиндр қойды (3-сурет).
Бөлшектер шығаратын көздің цилиндр ішінде сондай уақытта шығарған -бөлшектерінің зарядын Резерфорд электрометрмен өлшеді (көптеген заттардың радиоактивтігі уақыт өтуімен өзгермейді деуге болады). -бөлшектердің қосынды зарядын және олардың біле отырып, Резерфорд сол шамалардың қатынасын, яғни бір -бөлшектің зарядын анықтады. Сол заряд элементар екі зарядқа тең болып шықты.
Сонымен, ол -бөлшектің элементар екі зарядының әрқайсысына массаның екі атомдық бірлігі сәйкес келетінін анықтады. Олай болса, элементар екі зарядқа массаның төрт атомдық бірлігі сәйкес келеді екен. Осындай заряд және осындай салыстырмалы атомдық масса гелий ядросында болады. Осыдан -бөлшек – гелий атомының ядросы деген қорытынды шығады.
Резерфорд қолы жеткен нәтижемен тоқтап қалмай, бұдан соң тағы тікелей тәжірибелермен радиоактивтік -ыдырауда гелий пайда болатынын дәлелдеді. Бірнеше күн бойы -бөлшектерді арнаулы резервуарға жинап, Резерфорд спектрлік анализдің жәрдемімен ыдыстың ішіне гелийдің жиналғандығына көз жеткізген (әрбір бөлшек екі электронды қармап алып, гелийдің атомына айналып отырған).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет