Сабақтың тақырыбы Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру



бет4/7
Дата01.10.2024
өлшемі289,31 Kb.
#146362
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
30.09.20248сыныпАлгебра

(Т) «Тарсия» әдісі.
Оқушылар пазлдың бөліктерінде берілген өрнек пен оның жауаптарын біріктіру арқылы пазлды құрап шығуы қажет.
Мақсаты: оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілетін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдау және сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
Нәтижесі: балалар тез сергіп, тапсырманы жүйелі ойлап, қорытынды жасау арқылы жылдам шығаруды үйренеді. Топта жұмыс жасау арқылы ұйымшылдық, бірлікте жұмыс жасауға тәрбиеленеді.

  1. тапсырма. Көбейткішті квадрат түбір таңбасының алдына шығарыңдар.



Бағалау критерийі

Дескриптор

  • көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығарады




  • квадрат түбір астындағы санды көбейткіштерге жіктейді;

  • көбейткішті түбір белгісінің алдына шығарады;

  • жауаптарына қарай пазл құрайды;


Бағалау:
Дескриптор арқылы оқушы өзін- өзі бағалай алады. Яғни, дескриптордың әр қадамының тұсына толық меңгерген болса + , шығара алмаған жеріне – белгісін қояды. Меңгере алмағанын, түсінбегенін топ мүшелерінен сұрайды. Сол арқылы оқушы туындаған қиындықтарды, біліміндегі бос орындарды(пробел) толықтырады. Дескрипторды ескере отырып, критерийлерді орындау барысында мақсатқа жетеді.
Топтар тапсырмаларын өзара ауыстырып, тексереді. Нәтижесінде топтар бір- бірін «мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы бағалайды.

1-бөлік – позитивті комментарий, не ұнады;
2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;
3-бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы …
Яғни, осы әдіс арқылы бір топ келесі топты бір жағынан оқуға ынталандырады, оқуға деген қызығушылығын арттырып, мотивация береді(мысалы: 1-ші топ тапсырманы жылдам орындай алды, топта бірлесе жұмыс жасаулары керемет болды ). Ал, екінші жағынан қателіктерін, қай жерін түзету керектігін айта отырып соңында бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет