Разрядтан екі рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
3.1.2.1 мынадай жағдайларда: 28∙3, 269∙2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: мынадай жағдайларда: 28∙3, 84:3 екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: мынадай жағдайларда: 28∙3, 269∙2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолданады
Кейбір оқушылар: мынадай жағдайларда: 28∙3, 269∙2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін талдайды
Бағалау критерийі
- разрядтан екі рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолданады.
- есепті жазбаша бөлу алгоритмдерін қолданып шығарады
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі /уақыты
Педагогтің
әрекеті
Оқушының
әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады.
Өткенді еске түсіру
«Жемістер» әдісі
– Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
– 3 санының квадратын ата
– 8*7
– Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
- 2 санының кубы
- 5*6
Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Бұл кім?» әдісі Жүргізуші ( мұғалім немесе әдейі дайындалған оқушы) сыныптағы бір оқушыны ауызша сипаттайды: оның бет әлпетін, сыртқы пішінін, киімін, сөйлеу мәнерін, әдеттерін т.б.келтіреді. Әрине, ол оқушының есімін атауға болмайды
Қызығушылығын ояту
Ұжымдық жұмыс Жауаптары бірдей өрнектерді тап. Сонда сен әлемге танымал картиналардың авторларын білетін боласың
1-тапсырма Өрнектерді баған түрінде жаз және есепте. Тексеруді орында
Оқушының ықтимал жауабы:
Дескриптор:
- бірінші өрнекті баған түрінде есептейді
- екінші өрнекті баған түрінде есептейді (1балл)
- үшінші өрнекті баған түрінде есептейді
- төртінші өрнекті баған түрінде есептейді (1балл)
- бесінші өрнекті баған түрінде есептейді
- алтыншы өрнекті баған түрінде есептейді (1балл)
- жетінші өрнекті баған түрінде есептейді
- сегізінші өрнекті баған түрінде есептейді (1балл)
2-тапсырма Есепті шығар
Дескриптор:
- есептің қысқаша шартын дұрыс құрады
-өрнек құрастырып шешеді
-жауабын толық жазады
(барлығы 1 балл)
Дескриптор:
- бірінші өрнекті дұрыс есептейді
- екінші өрнекті дұрыс есептейді
- үшінші өрнекті дұрыс есептейді
- төртінші өрнекті дұрыс есептейді
(барлығы 2 балл)
4 – тапсырма Өрнектер құрастырып оны есепте.
Дескриптор:
- бірінші өрнекті дұрыс есептейді
- екінші өрнекті дұрыс есептейді
- үшінші өрнекті дұрыс есептейді
- төртінші өрнекті дұрыс есептейді
(барлығы 2 балл)