Сабақтың тақырыбы Құрлық суларының экологиялық проблемалары. Су апаттары


Ой қозғау Құрлық сулары қалай ластанады?



бет2/4
Дата10.12.2023
өлшемі6,63 Mb.
#135953
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
11-15.09.2023ж 11-8 сынып

Ой қозғау

  • Құрлық сулары қалай ластанады?

  • Құрлық суларындағы қандай экологиялық проблемаларды білесіздер?

  • Құрлық суларындағы экологиялық проблемаларын қалай шешуге болады?

Дескриптор:
Құрлық суларының ластану жолдарын біледі.
Құрлық суларындағы экологиялық проблемаларды біледі.
Қ/б: Жетондар тарату
2 тапсырма
) «Постер» әдісі. (Ж) «Түртіп алу» әдісі.Көрсетілген әдістер арқылы оқушының оқылым,жазылым,айтылым дағдылары дамиды.
І-топ."Құрлық суларының экологиялық мәселелерінің жіктелімі"» тақырыбында постер арқылы жаңа тақырыптың маңыздылығын ашу.
ІІ - топ. "Арал теңізі қасіреті"» тақырыбында постер арқылы жаңа тақырыптың маңыздылығын ашу.
ІІІ-топ."Мұздықдар еруде,сырқат Ертіс"» тақырыбында постер арқылы жаңа тақырыптың маңыздылығын ашу.
IV - топ. "Құрлық суларындағы экологиялық мәселелерді шешу жолдары"» тақырыбында постер арқылы жаңа тақырыптың маңыздылығын ашу.
Дескриптор:
Құрлық суларындағы экологиялық мәселелерді жіктей алады.
Құрлық суларындағы экологиялық апаттардың туындау себебін біледі.
Құрлық суларындағы экологиялық мәселелердің шешу жолдарын ұсына алады.


Қ/б: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жазбаша бағалау.
3 тапсырма
( "Фишбоун" әдісі

1. Өзекті мәселесі:
Құрлық суларының экологиялық проблемалары.
2.Жоғарғы" қабырға сүйектерінде" өзекті мәселенің себептері:

  • Құрлық суларындағы экологиялық мәселелер.Құрлық суларындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері.

  • Құрлық суларындағы әлемдік экологиялық проблемалар

  • Шешу жолдары

3. Төменгі "қабырға сүйекшелерінде" дәлелдемелер жазылады:

  • Құрлық суларының экологиялық мәселелері - бұл олардың су нысандарының құрылымы мен жұмысының бұзылуына бастайтын және жағымсыз зардаптарға әкелетін адам іс-әрекетінің нәтижесінде өзгеруі.Құрлық суларынадағы экологилық проблемалардың туындау себептері екі түрге бөлінеді:

  1. құрлық су нысандарынан ресурстар алу.

  2. құрлық су нысандарына ластанулар мен бөгде элементтерді әкеліп қосу.

  • Арал теңізінің қасіреті,мұздықтардың еруі,сырқат Ертіс.

  • Судың ластануын төмендету үшін ластаушылардың әкелетіндерін азайту, пайдаланған суды су көздеріне қайтадан құятын кәсіпорындарға су тазалайтын сүзгілер орнату, алынған суды толықтай пайдалануға қол жеткізу,тазалау іс-шаралары жүргізілгеннен кейін оны қайта пайдалану қажет.



Дескриптор:
Құрлық суларындағы негізгі экологиялық мәселелерді біледі.
Дүние жүзілік экологиялық мәселелерді шешу жөніндегі ұйымдарды біледі.
Қ/б: смайликтер арқылы бағалау
Оқушыларға су ластану схемасы көрсетілген сурет ұсыну.
Су қалай ластанады? Суретпен жұмыс жасау барысында суды ластайтын барлық нысандарды атап шығады. (қосымша №2)
Топпен жұмыс жасау ережелері және кластерді құру ережелерін қайталаңыз.

  • Әрбір қатысушының белсенді жұмысы.

  • Біреуіңіз сөйлесе, қалғандарымыз тыңдаймыз.

  • Бір-біріңізбен сыпайы болу.

  • Жұмыс мақсатын айқындау.

  • Жұмысты бөлу.

КЕЙС-СТАДИ
Талдаңыз: су ресурстарын қорғау бойынша мақаланы оқып:
• Су сипаттамасын;
• Маңызын;
• Суға қатысты екі проблеманы;
Қазақстан суларының ластануы;
• Шешу жолдарын;
кластер арқылы құрастырыңыз.
Оқушыларға қосымша дерек ретінде беруге болады.
Судың сарқылуы мен ластануы мәселесін шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
суды тиімді пайдалану технологияларын қолдану;
өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану;
ауыз су мақсатында берілетін суды өндірістік процестерде пайдаланбау. Бұл әсіресе, жоғары сапалы жер асты суларына қатысты;
ауыз суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек құбырмен беру. Суды мөлшерлі түрде беру және оның ысырап болуына жол бермеу;
суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет