Сабақтың тақырыбы: С. Елубай «Жалған дүние»



бет1/5
Дата15.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#138809
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
f6089c10f4cf190


Сабақтың тақырыбы: С. Елубай «Жалған дүние» романы
Негізгі материал:
Біз өле-өл­ген­ше қа­зақ ті­лі үшін кү­ре­се­міз. Мәң­гі­лік Ел бо­лу­дың ке­пі­лі ұр­па­ғы­мыз­дың ана ті­лін бі­луін­де жа­тыр. Ана ті­лін ұмыт­қан ха­лық­тың өз-өзі­нен жер бе­ті­нен өшіп, жо­ға­лып жат­қа­нын көз кө­ріп отыр. Бү­гін­гі ұлт­тың ұра­ны – Мәң­гі­лік Ел бо­лу.
Сма­ғұл Елу­бай
Сма­ғұл Елу­бай қай жер­де ту­ып-өс­кен?
Смағұл Абатұлы Елубай 1947 жылы Түрікменстан Республикасының Шаржоу облысы Керкі ау­данында дүниеге келген. Жазушының ата-бабасы ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық кезінде Ақтөбе облысы Байғанин ауданынан Қарақалпақстан аумағы арқылы өтіп, Түрікменстанға қоныс аударған. 1961 жылы оның әке-шешесі Қазақстанға оралды.
Жа­зу­шы қай жер­де бі­лім алып, қыз­мет іс­те­ді?
С.Елубай Алматы қаласындағы №12 мектепте оқиды. 1971 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіреді. Еңбек жолын 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысының аудандық газетінде тілші болып бастаған. 1972 жылы кино жүйесіне ауысады. 1974–1975 жылдары Мәскеудегі сценаристер мен режиссерлер дайындайтын Жоғарғы курста дәріс алғаннан кейін 1976–1992 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактордың орынбасары, 1992–1995 жылдары республикалық «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының бас редакторы, 1995–2004 жылдары Прагадағы «Азаттық» радиосының журналисі, 2008–2010 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы қызметтерін атқарады. 2010 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино тарихы және теориясы» кафедрасында профессор.

Зерделі ой
Тала­нт­қа ең ке­ре­гі екі нәр­се: ең­бек жә­не ба­тыл­дық. Сма­ғұл Елу­ба­ев­та осы­ның еке­уі де тү­гел, тұ­тас. Өз­ге шы­ғар­ма­ла­рын өз ал­ды­на қой­ған­да, Сма­ғұл аз жыл ішінде үш ро­ман жаз­ды. Бұ­лар – күн де­мей, түн де­мей, ұзақ са­рыл­ған ең­бек­тің же­міс­тері. Ал ба­тыл­дық­қа кел­сек, үш ро­ман да («Ақ боз үй», «Мі­нә­жат», «Жал­ған дү­ние») қа­лам­гер­дің қай­сар ба­тыл­ды­ғы­нан, ке­рек де­се­ңіз, тіп­ті ба­тыр­лы­ғы­нан ту­ған.
Зей­нол­ла Қаб­до­лов



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет